Өндірістік және ғылыми бөлімдердің, зертханалардың жетекшісі, ғылыми қызметкерлер мен мамандардың бос лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланады
Жаңалықтар
Конкурсқа келесі лауазымдар қатысады:
Ғылыми бөлім
Зертхана меңгерушілері - бірлік
Көпжылдық шөптердің генофонды зертханасы
Зертхана меңгерушісі - 1 бірлік
Көпжылдық дәнді шөптер селекциясы зертханасы
Зертхана меңгерушісі - 1 бірлік
Топырақ және агрохимиялық зерттеулер зертханасы
Зертхана меңгерушісі - 1 бірлік
Қойылатын талаптар: ғылым доктор немесе кандидаты (PhD) академиялық дәрежесі, ғылыми жұмыстар, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі. 3 жылға дейінгі мерзімге ғылыми дәрежесінсіз тиісті білім саласында жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білікті мамандар тағайындалуы мүмкін.
Аға ғылыми қызметкерлер - бірлік
Өсімдіктерді қорғау зертханасы
Аға ғылыми қызметкер - 1 бірлік
Нақты егіншілік зертханасы
Аға ғылыми қызметкер - 1 бірлік
Жаздық бидайдың селекциясы зертханасы
Аға ғылыми қызметкер - 1 бірлік
Қойылатын талаптар: ғылым докторы немесе ғылым кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ірі ғылыми еңбектердің немесе ғылыми жаңалықтар үшін дипломдардың және өнертабыстарға арналған авторлық куәліктердің, сондай-ақ тәжірибеде енгізілген нәтижелердің болуы.
Ғылыми қызметкерлер - бірлік
Адаптивті және агроландшафтық технологиялар зертханасы
Ғылыми қызметкер-1 бірлік
Нақты егіншілік зертханасы
Ғылыми қызметкер -1 бірлік
Қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өнертабыстарға немесе ғылыми жұмыстарға авторлық куәліктер.
Егіс дақылдарының аграрлық технологиясы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасы
Ғылыми қызметкер - 1 бірлік
Жазғы қатты бидай селекциясы зертханасы
Ғылыми қызметкер - 1 бірлік
Қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Кіші ғылыми қызметкерлер – бірлік
Ауыспалы егістік зертханасы
Кіші ғылыми қызметкерлер – бірлік
Егіс дақылдарының аграрлық технологиясы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасы
Кіші ғылыми қызметкерлер – бірлік
Дәнді дақылдар генетикалық ресурстары зертханасы
Кіші ғылыми қызметкерлер – бірлік
Қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Өндірістік бөлім
Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бөлімі
Астық қоймасының меңгерушісі - 1 бірлік.
Қойылатын талаптар: орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және қырман шаруашылығы қоймасының меңгерушісі лауазымында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе есеп және бақылау саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім және есеп пен бақылау саласындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
Қырман меңгерушісі - 1 бірлік
Қойылатын талаптар:Орта техникалық немесе кәсіби білім. Қырман шаруашылығы меңгерушісі лауазымы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе есеп және бақылау бойынша кем дегенде 2 жыл жұмыс өтілі немесе жалпы орта біліммен есеп және бақылау бойынша жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл.
Механизация бөлімі
Бас инженер - 1 бірлік.
Қойылатын талаптар: Жоғары кәсіптік (техникалық) білім. Маман лауазымдарындағы мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе орта кәсіптік (техникалық) білім және маман лауазымындағы мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік және басқа материалдарды білу; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және технологиясы; жабдықты орнату, баптау және реттеу тәсілдері; ұйымның өндіріс технологиясының негіздері; жабдыққа төлқұжаттарды, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, ақаулар тізімін, техникалық шарттарды және басқа да техникалық құжаттаманы рәсімдеу тәртібі; жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау ережесі; майлау және эмульсиялық қондырғыларды ұйымдастыру; жабдықты пайдалану, жөндеу және модернизациялау кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптар; ұйымдағы жөндеу қызметіндегі отандық және шетелдік тәжірибелер; Қазақстан Республикасының еңбек кодексі; еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.
Қаржы бөлімі
Бөлім бастығы-бас бухгалтер- 1 бірлік.
Қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (экономикалық) білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі (бухгалтерлік есеппен, бухгалтерлік (қаржылық) есеп беруді немесе аудиторлық есеппен байланысты соңғы бес күнтізбелік жылдан бес жылдан кем емес), сондай-ақ жаңартылған заңнамаға сәйкес, кәсіби бухгалтер сертификаты болуы қажет.
Материалдық стөл есепшісі - 1 бірлік.
Қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (экономикалық) білім және бухгалтерлік есеп пен бақылау саласындағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.
Жоспарлау-экономикалық бөлім
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман - 1 бірлік
Қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (экономикалық, заңгерлік) білім және мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс істеу дағдылары (күнтізбелік үш жылдан кемінде үш жыл мемлекеттік сатып алумен байланысты жұмыс).
Құқықтық, кадрлық және іс жүргізу бөлімі
Құқықтық, кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөлімінің бастығы - 1 бірлік.
Қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және кемінде 3 жыл лауазымдарда персоналды басқаруды ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесі.
Заңгер - 1 бірлік
Қойылатын талаптар: жоғары кәсіби (заңгерлік) білім. Жұмыс тәжірибесіне талапсыз. ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, нормативтік құқықтық құжаттар, ЖШС-нің құқықтық қызметі бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар. Азаматтық, еңбек, қаржы, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, ЖШС-нің шаруашылық-қаржылық қызметі туралы есеп пен есеп беру тәртібі, шаруашылық келісімшарттар, ұжымдық шарттар, тарифтік келісімдер жасау және орындау тәртібі, жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі заманауи ақпараттық технологияларды қолданатын құқықтық құжаттама; экономика негіздері, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару, компьютерлік технологиялар, коммуникация және байланыс, еңбекті қорғаудың ережелері меннормалары.
«А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды - 1 (Научный ауылы), Бараев көшесі 15, телефон 8-716-31-2-30-29
Құжаттарды қабылдаудың басталатын күні - 2021 жылдың 8 шілдесі, сағат 9.00.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесі, 18:00 сағ.
Қарау және шешім қабылдау күні - 2021 жылдың 19 шілде мен 20 шілде аралығында.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Ғылыми қызметкерлер лауазымына орналасу конкурсына «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар тұлғалар жіберіледі.
Тиісті академиялық, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ практикалық тәжірибесі бар және осы мамандық бойынша мойындалған жетістіктері бар мамандар лауазымға орналасуға конкурсқа жіберіледі.
Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысушы үміткерлер «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО»ЖШС-нің Басқарма Төрағасының атына өтініш (еркін түрде) ұсынады.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
- кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (бөгде ұйымдардың қатысушылары ұсынады);
-автобиография;
- жоғары білім туралы дипломдардың, ғылыми және ғылыми дәрежелердің көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
- қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктердің көшірмелері (егер олар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- бос лауазымдарға орналасуға арналған 3 жылдық жұмыс жоспарын ұсыну (электронды түрде, 10 слайдтан аспайды), соның ішінде перспективтік жеке даму жоспарын ұсыну (5 слайдқа дейін);
-қатысушыларға бос лауазымдарға орналасу үшін перспективтік жұмыс жоспары.
Осы тармақтарда көрсетілген тізім бойынша құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті еркін түрде қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттар ұсынуға құқылы (ғылыми жарияланымдар тізімі, алдыңғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары және т.б.).
645 -рет қаралды