Өндірістік және ғылыми бөлімдердің, зертханалардың, ғылыми қызметкерлер мен мамандардың бос лауазымдарына конкурс жарияланады


Жаңалықтар

Конкурсқа келесі лауазымдар қатысады:


Ғылыми блок

Зертхана меңгерушісі - бірлік

Көпжылдық шөптердің гендік қоры зертханасы

Зертхана меңгерушісі - 1 бірлік

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасы

Зертхана меңгерушісі - 1 бірлік

Топырақ-агрохимиялық зерттеулер зертханасы

Зертхана меңгерушісі - 1 бірлік

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ғылыми еңбектері, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі. 3 жылға дейінгі мерзімге тиісті білім саласындағы ғылыми дәрежесі жоқ, аталған жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар тағайындалуы мүмкін.


Аға ғылыми қызметкерлер-бірлік

Биохимия және ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасы

Аға ғылыми қызметкер - 1 бірлік

Талаптар: ғылым докторы немесе кандидаты (PhD) ғылыми дәрежесі, ірі ғылыми еңбектерінің немесе жаңалық ашуға дипломдарының, өнертабысқа авторлық куәліктерінің, сондай-ақ тәжірибеде іске асырылған нәтижелердің болуы.


Ғылыми қызметкерлер - бірлік

Бейінді және агроландшафттық технологиялар зертханасы

Ғылыми қызметкер – 1 бірлік

Лаборатория точного земледелия

Ғылыми қызметкер – 1 бірлік

Жаздық қатты бидай селекциясы зертханасы

Ғылыми қызметкер – 1 бірлік

Талаптар: жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, өнертабысқа немесе ғылыми еңбектерге авторлық куәліктер.


Кіші ғылыми қызметкерлер - бірлік

Дәнді бұршақ және майлы дақылдар селекциясы зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер – 1 бірлік

Дәнді дақылдардың генетикалық ресурстары зертханасы

Кіші ғылыми қызметкер – 1 бірлік

Талаптар: Жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі білім.


Өндірістік блок

Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бөлімі

Өсімдік шаруашылығы және тұқым шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі - 1 бірлік

Талаптар: Өсімдік шаруашылығы және кәсіби қызмет бағыты бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес жоғары білім (және/немесе бакалавр, магистратура, PhD философия докторы, бейіні бойынша доктор).


Астық қоймасының меңгерушісі - 1 бірлік

Талаптар: орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және қырман шаруашылығы қоймасының меңгерушісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе есепке алу және бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе жалпы орта білім және есепке алу мен бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.


Механизация бөлімі

Бас инженер – 1 бірлік

Талаптар: жоғары кәсіби (техникалық) білім. Мамандығы бойынша маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе орта кәсіптік (техникалық) білімі және маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жабдықтарды, ғимараттарды, құрылыстарды жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдарды; жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясын; жабдықты монтаждау, реттеу және баптау әдістерін; ұйымның өнім өндіру технологиясының негіздерін; жабдыққа арналған паспорттарды, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, ақаулар ведомостерін, арнайы және басқа да техникалық құжаттаманы жасау тәртібін; жабдықты жөндеуге тапсыру және жөндеуден кейін қабылдау қағидаларын; майлау-эмульсиялық шаруашылықты ұйымдастыруды білу; жабдықты пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарын; ұйымдағы жөндеу қызметін көрсетудің озық және отандық, және шетелдік тәжірибелерін; ҚР Еңбек кодексі; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу керек.


Қаржылық бөлім

Бас бухгалтер – 1 бірлік.

Талаптар: жоғары кәсіби (экономикалық) білім және практикалық жұмыс тәжірибесі (бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті жасауға не аудиторлық қызметке байланысты жұмыстың соңғы күнтізбелік жылынан кемінде бес жыл), сондай-ақ заңнамаға сәйкес жаңартылатын кәсіби бухгалтер сертификаты бар.


Жоспарлау-экономикалық бөлім

Мемлекеттік сатып алу бойынша маман – 1 бірлік.

Талаптар: жоғары кәсіби (экономикалық, заңгерлік) білім және мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс істеу дағдылары (мемлекеттік сатып алуды жүргізуге байланысты жұмыстың соңғы үш күнтізбелік жылынан кемінде үш жыл).


Құқықтық, кадрлық қамтамасыз ету және іс жүргізу бөлімі

Заңгер – 1 бірлік

Талаптар: жоғары кәсіби (заңгерлік) білім. Жұмыс өтілі маңызды емес.ЖШС өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметін реттейтін ҚР заңнамалық құқықтық актілері, нормативтік құқықтық құжаттар, ЖШС Құқықтық қызметі бойынша әдістемелік және нормативтік материалдар. Азаматтық, еңбек, қаржылық, әкімшілік құқық, салық заңнамасы, ЖШС шаруашылық - қаржылық қызметі туралы есепті жүргізу және есептілікті жасау тәртібі, шаруашылық шарттарды, ұжымдық шарттарды, тарифтік келісімдерді жасау және ресімдеу тәртібі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құқықтық құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі; экономика, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс және басқару негіздері, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, еңбек сақтау қағидалары мен нормалары.

"А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-нің орналасқан жері: Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды-1 (Научный кенті) Бараев көшесі, 15, телефон 8-716-31-2-30-29
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні: 2021 жыл 01 қыркүйек 9:00 сағ.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2021 жыл 08 қыркүйек 18:00 сағ.
Құжаттарды қарау және шешімді қабылдау күні 2021 жылғы 09 қыркүйектен 2021 жылғы 10 қыркүйекке дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Ғылыми қызметкерлер лауазымдары конкурсына "А.И.Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-нің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар адамдар жіберіледі.
Лауазымдар конкурсына тиісті академиялық, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ практикалық жұмыс тәжірибесі бар және осы мамандық бойынша танылған жетістіктері бар мамандар жіберіледі.
Бос лауазымдарға орналасу конкурсына қатысатын үміткерлер "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма төрағасының атына өтініш (еркін нысанда) жазады.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
-кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағын (басқа ұйымдардың қатысушылары береді);
- автобиография;
-жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
-қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
- бос лауазымдарға орналасуға 3 жылға арналған жұмыс жоспарының презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайды), оның ішінде перспективалық жеке даму жоспарының презентациясы (5 слайдқа дейін);
- бос лауазымдарға орналасуға қатысушылар үшін перспективалық жұмыс жоспары.
Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынуға құқылы.
скачать dle 12.0
613 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх