Елордалық агротехникалық университеттің студенттері А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында көктемгі дала жұмыстары барысында тәжірибелік дағдыларды алуда


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы орталығында С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттері, магистранттары және докторанттары үшін ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, селекция және тұқым шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және карантин, агроинженерия, тамақ өнімдерінің технологиясы, биотехнология мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары негізінде кәсіби және ғылыми-зерттеу практикасы бастады. Биылғы жылы 70-тен астам бакалавриат, 25 магистрант және 10 докторант кәсіби тәжірибеден өтеді. 2022 жылдың 11 мамырынан бастап ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы білім беру бағдарламасы бойынша3 курстың 33 студенті тәжірибеден өтуге кірісті. Олар Орталықтың жетекші ғалымдарымен бірге Ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми зертханаларына бекітілді. Дақылдарды егу бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде практикалық дағдыларды меңгереді. Олармен бірге 3 курстың 8 студенті агрохимия және топырақтану саласындағы кәсіптік білімді меңгеру бойынша өндірістік тәжірибеден өтеді.

Мұнда студенттер агрохимиялық талдаулар үшін топырақ үлгілерін алу, минералды тыңайтқыштарды енгізуге қатысады. Сондай-ақ агрохимиялық талдаулар жүргізеді. Өсімдіктерді қорғау және карантин зертханасында өсімдіктерді қорғау және карантині білім беру бағдарламасы бойынша 8 студент бекітілді. Зертхананың ғылыми қызметкерлері студенттерге фитопатология мен энтомологияның әртүрлі аспектілерін, фитосанитарлық мониторингті, өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және өсімдіктерді биологиялық тұрғыдан қорғауды меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге арамшөптермен күрес, өсімдіктерді қорғауда технологиялық шаралар мен машиналарды қолдану жұмыстарын да меңгеретін болады.


Тәжірибелік сабақ басталар алдында Орталық басшысы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлы және С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ агрономия факультетінің деканы Стыбаев Ғани Жасымбекұлы тәжірибеден өтіп жатқан студенттермен кездесіп, болашақ мамандарды даярлаудағы перспективалық мақсаттар мен міндеттер туралы баяндады. «Оқу кабинеті – ғылыми зертхана – егістік учаскелері – өндіріс» атты үштік жобасы аясында ауыл шаруашылығы зерттеушілері бірлікте жұмыс атқарады. Тәжірибеден өту кезеңінде Орталық оларға оңтайлы өмір сүру жағдайларын жасап, күніне үш мезгіл тегін тамақ пен қамтамасыз етеді. Студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруға бекітілген Орталықтың ғылыми қызметкерлері оларды ғылыми зертханаларда, сондай-ақ даладағы еңбек қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды.

скачать dle 12.0
644 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх