Мал азықтық дақылдар ерекше бақылауда


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда (әсіресе далалы аймағында) сортаң топырақтардың үлес салмағы жоғары. Бұл жерді пайдалануын қиындатады, өйткені тұз бен сортаң жерге төзімді дақылдарды мұқият таңдауды қажет етеді. Сонымен қатар, бұл топырақтардың физикалық-механикалық және су-физикалық қасиеттері нашар (жоғары тығыздық, ісіну, жабысқақтық, су өткізгіштігі төмен).Сондықтан сортаң топырақтарда механикалық өңдеу қажет, бұл өз кезегінде үлкен қосымша шығындарға әкеледі. Мұндай топырақтарда ауылшаруашылық алқаптарының өнімділігін арттыру әр фермер үшін маңызды міндет болып табылады. Статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстандағы табиғи мал азықтық алқаптарының 40%-ы сортаң топырақтарда, ал егістік алқаптарының 25%-дан астамы өнімділігі төмен сортаң топырақтарда орналасқан.


Солтүстік Қазақстан жағдайында көпжылдық шөптердің сорттары сортаң топырақтардағы табиғи өнімділігі төмен шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту үшін пайдаланылуға болады. Бұл дақылдарды өсіру малды жайылым кезеңінде жасыл мал азығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қысқы шөп дайындауға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған көпжылдық шөптер аз мөлшерде еңбек пен қаражатты жұмсап, сортаң топырақты жақсарту үшін қолданылады.Осы өзекті тақырыпқа қызығушылық танытқандар а.ш.ғ.к., "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС көп жылдық шөптер селекциясы бөлімінің меңгерушісі Н.И.Филиппова мен "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің селекциясы зертханасы меңгерушісіЕ.И. Парсаевтың "Тұзғатөзімді көпжылдық шөптердің түрлері мен сорттары" мақаласын толықтай "Аграрлық сектор"ауыл шаруашылығы журналының бірінші нөмірінен оқи аласыз.

скачать dle 12.0
598 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх