"Шортандылық" - тарлау қияқ
Ұсыныстар / Селекция
Сорт авторлары: К.Д. Постоялков, Е.В. Колесников.
Бұл сорт жайылымдық мақсатта пайдалануға ұсынылады. Ерте көктемде шығып, 10-15 мамырға қарай бойы 30-35 см шамасына жетеді.
Қолайлы жылдары малға өте құнарлы азық болатын 3-4 балауса шөп алынады. Көктеп шыққаннан кейін тұқымы әбден пісіп-жетілгенге дейінгі өсіп-өну кезеңі — 85-94 күн. 20-44 күнде — жайылымдық, 60 күнде шабындық алқап ретінде пайдалануға болады. Сорт құба зеңге — орташа деңгейде; ал қара күйеге тұрақты түрде төзімділік танытады.
Сонымен қатар, бұл сорт қысқы салқынға, құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімділігімен ерекшеленеді, малдың отап, таптап кеткен жағдайларынан зардап шеге бермейді. Жапырақтану деңгейі жоғары — 94 пайыз. Өсімдіктің биіктігі — 80-120 см. Өсіп-өну кезеңіндегі тәжірибелер кезінде көк күйіндегі жайылымдық өнімділігі —112,2 ц/га; кептірілген күйінде — 42, 6 ц/га, тұқымның алынуы — 1,0-2,8 ц/га болды, алайда орылмай тұрып қалған жағдайда, тұқымы өздігінен құйылып түсіп қалады. Өндірістік жағдайларда өнімділігі — 94 ц/га, тұқымның алынуы 2,5 ц/га болды.

Кептірілген шөпте 20,2 пайыз шикі протеин, 23,4 пайыз клетчатка, 2,19 пайыз май, 10,1 пайыз күл бар. Азықтық бірлігі — 0,47 кг/кг.
Сорт 1975 жылдан селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында өндіріске пайдалануға рұқсат берілген. Сорт патенттелген.
2 327 -рет қаралды