ҚАТУ активтері – даму үстінде


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
ҚАТУ-де «Активтерді басқару және еншілес ұйымдардың қызметі департаменті жетекшілік ететін жобаларды іске асыру туралы» кеңес өтті.
         Жиын жұмысын аша отырып, ҚАТУ Басқарма Төрағасы Қайрат Айтуғанов еншілес ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін бастапқыда дұрыс даму бағыты таңдалғандықтан оң қадамға өрбігенін атап өтті. Басқарма Төрағасының сөзін 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы және еншілес ұйымдар басшыларының алдағы жоспарлары мен есептері растады деп айтуға толық негіз бар. Шараға «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма Төрағасы Н.Серекпаев, «СҚ АШТС» ЖШС Басқарма Төрағасы Р.Жоламан және «ҚазОШҒЗИ» ЖШС Басқарма Төрағасы А.Рахымжанов қатысты.
         ҚАТУ-дың жанынан «Активтерді басқару және еншілес ұйымдар» департаменті осыдан бір жыл бұрын құрылған. Осы кезеңде Департамент университеттің кейбір нысандарына жетекшілік ету және оларды одан әрі дамыту үшін инвестициялар тарту бойынша үлкен жұмыстар атқарды.
         Жиынға қатысушыларға департамент директоры Берік Нигмашев жоғарыда аталған үш еншілес кәсіпорынмен қатар ветеринарлық клиниканың қызметіне жетекшілік ететіндігін айтты.  Одан бөлек, спорт клубы мен білім тарату кеңсесі де аталмыш департаменттің құзыретіне жатады. Сонымен қатар, департаменттің басшылығымен агрохимиялық және ветеринариялық зертханалар, ГАЖ орталығы,  бейнестудияны коммерцияландыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын атап өтті. Бұл нысандардың әрқайсысы қазірдің өзінде қосымша кіріс көзін әкеліп отыр. Сәйкесінше жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылған.
         Зерттеу тәсілі жағынан да, коммерцияландыру тұрғысынан да келешек зор. Активтерді басқару департаменті жетекшілік ететін жобалардың қатарында, «Құс: ауладан дастарханға дейін», «Ұсақ қара малды қолдан ұрықтандыру бойынша асыл тұқымды орталық құру», «Ғылыми-өндірістік омарта мен бал конвейері» жобалары да бар. Жобалардың кураторлары жұмыс барысы мен жобаларын жүзеге асыру барысы туралы жиналғандар алдында айтып берді.
         Жиынға қатысушылардың баяндамаларымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.скачать dle 12.0
407 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх