АШҒӨО-да Ғылыми кеңестің отырысы өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті, Онда Орталық басшысы Нұрлан Серекпаев барлық ғылыми қызметкерлерге орталықтағы көктемгі дала жұмыстарын сәтті жүргізгені және агробизнеспе нынтымақтастық бойынша жұмысты уақтылы ұйымдастырғаны үшіналғыс айтты. Соңғы 2 жылда орталықта ғалымдар мен фермерлердің тығыз өзара қарым-қатынасына ерекше көңіл бөлінуде. Орталық басшысы өз ақпаратында осы басым бағыттағы оң өзгерістерді атап өтті.

Содан кейін Ғылыми кеңес мүшелері күн тәртібінің негізгі мәселелерін қарауға кірісті. Регламентке сәйкес бөлім меңгерушілері Бабкенов Әлілхан, Ноғаев Әділбек, Филиппова Надежда, Ошергина Ирина және Қунанбаев Қайраттың ағымдағы жылға арналған ғылыми бөлімдер мен зертханалардың шаруашылық субъектілері мен жасалған шарттар бойынша жоспарланған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.Талқылаудан кейін Ғылыми кеңес мүшелері ұсынылған жұмыс бағдарламаларын бекітті.

Бұдан әрі БТО маманы Т.В.Гонтаренко ұсынған 2022 жылдың І жарты жылдығындағы білімді тарату бойынша жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат назарға алынды. "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-нің 2021 жылғы қаржы-экономикалық қызметінің қорытындылары және ағымдағы 2022 жылға арналған бюджеттің негізгі параметрлері туралы" презентациямен, сондай-ақ сыртқы аудит нәтижелері туралы ЖШС Бас бухгалтерінің м.а. Г.Э. Галка сөз сөйледі.

Соңында отырысқа қатысушылардың назары орталықтың жарияланымдық белсенділігіне аударылды.


"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО"ЖШС баспасөз қызметі

скачать dle 12.0
525 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх