А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Ғылыми кеңестің отырысы өтті


Жаңалықтар




2021 жылғы 8 қазанда Басқарма Төрағасы Нұрлан Амангелдіұлы Серекпаевтың төрағалығымен А.И. Бараев атындағы АШҒӨО Ғылыми кеңесінің отырысы өтті.

Ғылыми кеңесте бірінші мәселе ҚР АШМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2021 жылғы аралық жылдық есептерді тыңдау және ҒЗЖ қоса қаржыландыру нәтижелерін талқылау болды.

И.П. Ошергина, Е.А. Тен, Ю.Ю. Долинный, А.Т. Бабкенов, В.И. Коберницкий, Н.К. Муханов, Я.П. Наздрачев баяндама жасады.

Екінші мәселе ретінде мақалалар, зияткерлік меншікке өтінімдер беру, авторлық куәліктер мен патенттер алу және семинарлар өткізу туралы ақпарат қаралды.

Кеңес барысында ағымдағы жылы біздің орталықтың өнертабысқа 8 патент және 28 ғалым автор куәлігін алғаны атап өтілді. 

Ғылыми кеңес соңында орталық басшысы Н.А. Серекпаев егіншілік саласындағы ғалым-мамандар К.А. Акшаловқа және А.А. Қиясқа өнертабысқа патент авторының куәлігін салтанатты түрде табыс етті және оларға аграрлық ғылымның дамуына қосқан үлесі мен жоғары кәсіби, жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.

скачать dle 12.0
663 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх