А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да ауылшаруашылығы дақылдарының өндірістік егістерін қабылдау өтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО Басқарма Төрағасы Н.А. Серекпаевтың бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік бөлімшелердің жұмысын қорытындылау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірістік егістерін қабылдау және олардың сапасын бағалау жүргізілді. Комиссия қабылдау барысында өсімдік шаруашылығындағы агротехнологияларды таңдау үшін маңызды аспектілер, сондай-ақ машина-трактор паркінің қолда бар құрамы мен жай-күйінің кәсіпорынның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігіне әсері көрсетілді, сондай-ақ технологиялар мен техникалық құралдарды автоматтандырылған таңдау жөніндегі міндетті шешудің өзектілігі негізделді.

Құрамына ғылыми бөлімдер мен зертханалардың меңгерушілері кірген жұмыс комиссиясының мүшелері жүргізілген жұмыстың барысын оларды орындау әдістемесінің ерекшеліктеріне және толтырылған тәжірибе карточкаларына сәйкес бағалады. Нақты егіншілік полигонында оң нәтижелер байқалды, егістіктердің ластануы байқалмады, қарақұмық, асбұршақ және күнбағыс алқаптары кеңейтілген. Комиссия қорытындысы бойынша далалық эксперименттердің схемалары мен орындалу барысы 2022 жылғы далалық маусымға қойылған міндеттерге сәйкес келетінін анықтады.

скачать dle 12.0
514 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх