А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары «Агрофизикалық Ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ-мен нақты егіншілік жөнінде әріптестікте


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО мен «Агрофизикалық Ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ (Санкт-Петербург қ.) арасында ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында нақты егіншілікті енгізу саласында жұмыс жүргізілуде.
Жұмыстың келесі кезеңін орындау мақсатында, А.И.Бараев атындағы орталыққа ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, РҒА корреспондент мүшесі, «Агрофизикалық Ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ зертхана меңгерушісі Вячеслав Викторович Якушев арнайы келді.
«Орталықтағы әріптестеріміздің тәжірибесін үйреніп және олармен қашықтан зондтау мәліметтерін қабылдау, түрлі тыңайтқыштарды дифференциалды енгізу үшін тапсырмалар картасын жасау жөніндегі жетістіктерімізбен алмасуға әзірміз», – деді В.Якушев.
Қазіргі таңда «Шортанды» нақты егіншілік полигонында жаздық бидайды ору жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, орталық тәжірибелік алқапты жинау кезінде өнімділікті картаға енгізіп отыратын жаңа JohnDeere комбайндарын сатып алған болатын. Ғалымдар сондай-ақ өнімділікті карталауды енгізу мәселелерін талқылады.
«Бүгін №4 тәжірибелік алқапта өнімділіктің электронды картасын жасаудамыз, бұл біздің ортақ күшіміздің интегралдық жетістігі болмақ. Алдағы уақытта алған мәліметтерді талдап, зерттеу жұмысын қорытындылайтын боламыз. Нақты егіншілік технологиялары егістердің биылғы жылғы құрғақшылыққа төзімділікті арттырғаны қуантады», - деп атап өтті В.Якушев.скачать dle 12.0
1 022 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх