Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Серіктестік өз қызметкерлері үшін олардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында тұрақты түрде оқыту семинарлары мен тренингтер өткізіп тұрады. 2022 жылдың 25 және 26 шілде күндері "Центр Профи Казахстан" ЖШС-нің білікті мамандары мен бизнес-тренерлерін тарта отырып, Мемлекеттік сатып алу саласында біліктілікті арттыру мақсатында А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да "2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу" атты екі күндік корпоративтік семинар өтті. Жоспарланған іс - шараның негізгі мақсаты барлық қатысушыларға тақырып бойынша заңнамалық аспектілерді жеткізу, веб-порталындағы жұмысты талдау, заңнамаға енгізілген өзгерістерді қарау және Мемлекеттік сатып алуды өткізу бөлігінде тақырыптық күрделі міндеттерді шешу бойынша тренингтер өткізу болып табылады. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.Осындай тақырыптық семинарларға қатысу қызметкерлердің біліктілік деңгейін сапалы арттыруға, кез келген деңгейдегі басшылар мен мамандардың құзыреттілігін арттыруға және Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
513 -рет қаралды