ҚАТУ-дың 65 жылдығына фильм жарыққа шықты


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 65 жылдығына арналыпуниверситеттің барлық факультеттері, кафедралары, сондай-ақ еншілес ұйымдары да түгелдерлік қамтылған деректі фильм түсіріліп, жарыққа шықты.

Фильмді түсіру жұмыстары 7 айға созылды. Басты міндет, білім ордасын зерттеу университеті ретінде көрсету болды. Түсірілім тобы көктемгі егіс жұмыстарынан бастап, жинау, ағаш отырғызу сынды ауқымды жұмыстарды түсіріп шықты. Одан бөлек, университеттің барлық дерлік зертханаларын аралап, жеке-жеке түсірілім жұмыстарын жасады. Университет ардагерлерімен және түлектерімен де арнайы кездесулер ұйымдастырылды. Фильм университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен және студенттерін де толық қамтуға негізделген. Көрермендер фильмде оқу ғимараттары мен аудиторияларды ғана емес, сонымен қатар студенттердің жатақханаларын, спорт залдары мен университеттің мәдени өмірі мен де толықтай таныса алады.

Бір сағаттан астам уақыт ішінде білім ордасының өткені, бүгіні және болашағымен де танысуға мүмкіндік берілген. Бір сөзбен айтқанда көруші еліміздегі аграрлық саладағы ең ірі университеттің өмір тынысының тереңіне бойлап кетеді.

«Біз өміріміздің ең жақсы сәттерін ауылшаруашылық институтында өткізгенімізге ешқашан өкінген емеспіз» дейді, білім ордасының әр жылғы түлектер бір ауыздан. Бүгінде олар ел экономикасының түрлі салаларында жоғары білікті мамандар. Олардың қатарында, кәсіпорын басшылары, мемлекеттік қызметшілер мен әлемге танымал ғалымдар да бар. Бүгінгі күні де болашақта да, ҚАТУ еліміздің аграрлық секторы үшін кадрлардың ұстаханасы болып қала береді. Оғандәлел осы жылы оқу орнының табалдырығын аттаған студенттердің көбі мемлекеттік грант иегерлері. Демек биыл университет өз тарихында ең көп грант иегерлерінқабылдаған жыл болып қалып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, фильмді көріп, ҚАТУ-ді жаңа қырынантаныңыз.

Фильмнің ұзақтығы - 77 минут. Фильмді DALI Авторлық тобы дайындады.

Толық фильмді YouTube арнасынан көре аласыздар

Сілтеме:

скачать dle 12.0
360 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх