С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-да жаңа тағайындаулар


Главная / Жаңалықтар




Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Стыбаев Ғани Жасымбекұлы, бұған дейін А.И. Бараева атындағы «АШҒӨО» ЖШС басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Стыбаев Г.Ж. білім және ғылым саласында жетекші-менеджер ретінде үлкен тәжірибесі бар. 2004-2007 жылдары университеттің Агрономиялық факультетінде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2007-2010 жылдары - агрономия факультетінің деканы. 2010 жылы Сейфуллин атындағы ҚАТУ колледжі директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары қайтадан декан орынбасары, 2015-2021 жылдары ҚАТУ агрономиялық факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Оның жетекшілігімен 1 PhD докторы, 8 ғылым магистрі дайындалды. Ол 120-дан астам ғылыми жарияланымдардың жеке және бірлескен түрдегі авторы. Стыбаев Г.Ж. «Агрономия» бағыты бойынша 8 патенттің, 1 лицензиялық келісімнің, 3 монографияның және 10-нан астам оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің деканы болып педагогика ғылымдарының кандидаты Шахметова Динара Сапарғалиқызы тағайындалды.
Шахметова Д.С. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 2010 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2018 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де жұмыс істейді.
Маркетинг кафедрасының меңгерушісі болып PhD докторы Дүйсенов Мерген Мирзаятұлы тағайындалды.
Дүйсенов М.М. Сингапур Ұлттық университетінің PhD докторантурасын (2019 ж.), Колумбия университетінің магистратурасын (2011), Джонсон және Уэльс университетінің магистратурасын (MBA) (АҚШ, 2007), Атырау қаласындағы Маркетинг және менеджмент институтын бітірген. Шетелдік ғылыми журналдарда, соның ішінде Scopus-те индекстелген 12 жарияланымы бар. Жалпы еңбек өтілі 17 жыл, оның ішінде оқу және ғылыми қызмет саласында 7 жыл қызмет атқарып келеді.

Алдағы уақыттарды сіздерге сәттілік тілейміз!скачать dle 12.0
491 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх