Нақты ауыл шаруашылығын дамытуда навигациялық жүйені қолданудың маңызы


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


2022 жылдың 11 қазанында А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына "Күзгі мектеп" жобасы аясында Германия, Болгария, Чехия, Өзбекстан, Түрікменстан және Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері арнайы келді. Қонақтар орталықтың ғалымдарымен кездесуі өткізді. Сонымен қатар олар орталықтың тарихи мұражайын да аралап тарихи жағдайларға, Қазақстанның солтүстігінде ауыл шаруашылығы ғылымының дамуы мен қалыптасу дәуіріне үңілді.

Содан кейін дәл және қарқынды егіншілік саласының мамандары В.Ф. Скобликов және Қ.А. Ақшаловпен дөнгелек үстел жағдайында кездесті. Шара барысында аграрлық ғалымдар мен өндіріс жағдайында нақты егіншілік элементтерін қолдану бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

скачать dle 12.0
662 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх