А.И. Бараев атындағы орталықтың жаңа сорттары "Тұқым-2023" Тұқым күнінде таныстырылды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


А.И. Бараев атындағы АШҒӨО 24-25 қарашада Астана қаласында өткен 2-ші қазақстандық "Тұқым-2023" Тұқым күні конференциясына қатысты. "Бизнес-бизнес үшін" форматындағы маңызды аграрлық іс-шарада республиканың белгілі фермерлері тұқым шаруашылығы саласындағы практикалық қызметі мен көзқарасымен бөлісті.

Алғаш рет бір алаңда Қазақстандағы жұмсақ жаздық бидайдың отандық оригинаторлары таныстырылды. Селекцияға қол жеткізген ғылыми орталықтарынан "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС; "Қарабалық АШТС" ЖШС; "Қарағанды АШТС" ЖШС; "Фитон" ЖШС; "Омбы АНЦ" ФГБНУ; " Кургансемена" агрокешені" ЖШС таныстырылды, олар өткізілетін көрме шеңберінде іс-шараға келушілер үшін қолжетімді болды.Конференцияның сессиялық алаңдарының бірінде "А.И. Бараев атындағы орталықтың жаңа сорттары" тақырыбында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО селекция зертханасының меңгерушісі Коберницкий Владимир Иванович презентация жасады.


скачать dle 12.0
512 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх