Нақты өндіріс негізінде мәселелерді ​шешу


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Астық өндірісінің тұрақтылығын арттыру үшін ғылымның ұсынымдарын одан әрі ілгерілету шеңберінде А.И. Бараев атындағы АШҒӨО алаңында ғалымдармен жемісті кездесуі өтті.

Ауыл шаруашылығы білімін тарату орталығының бағдарламасы аясында "Unicom crops Limited" жеке компаниясының директоры Фархат Амангельдиевич Джазин бастамасымен "Астық өндірісінің тұрақтылығын арттырудың агротехникалық тәсілдері" тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Бұл семинарға "Новокубанское" ЖШС агрономиялық және инженерлік қызметінің мамандары және Зеренді ауданынан осы компанияның еншілес кәсіпорындары қатысты. 

Ғалымдар мен практиктердің тығыз ынтымақтастығының қажеттілігі мен өзектілігі туралы А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғыдыми өндірістік лрталығының Басқарма Төрағасы Канафин Бильгибай Камалович пен компанияның құрылтайшысы Джахуташвили Шалва Григорьевичтің баяндамаларында баяндалды.

Семинарға қатысушылар алдында адаптивті және агроландштейндік технологиялар зертханасының меңгерушісі Канат Ашкеевич Акшалов негізгі баяндама жасады. Баяндамада Шортанды және Зеренді аудандары жағдайында егістік өнімділігін арттырудың негізгі факторлары мен мүмкіндіктері баяндалды. Астық өндірісінің тұрақтылығына айтарлықтай әсер ететін нақты қауіп-қатерлер құрғақшылық пен ыстық ауа райы құбылыстарының көрінісі болып табылатыны атап өтілді. Ауа-райының теріс әсерін азайту және өнім өндірісін тұрақтандыру үшін өндірушілер топырақ ылғалдылығын жинау және сақтау мәселелеріне байыпты назар аударуы керек. Топырақ жағдайы мен жерді пайдалану аумағының ландшафтын ескере отырып, күздің және қыстың басында қалыптасқан жағдайларда қысқы ылғалдың жинақталуы бойынша нақты ұсыныстар ұсынылды. Дәнді дақылдардың өсімдіктеріне қоректену жағдайларын жасау мәселелеріне тұқымдарды аудан бірлігіне оңтайлы бөлу, қатар аралықтарының ені, заманауи егіс кешендерін қолдана отырып минералды тыңайтқыштарды қолдану тұрғысынан көп көңіл бөлінді. Топырақты қорғау егіншілік жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуінің негізін топырақты жел мен су эрозиясынан қорғау мәселелері құрайтыны атап өтілді. Жылдан жылға қайталанатын эрозиялық процестердің негізгі факторлары атап өтілді. Отандық селекциядағы жаздық бидайдың құрғақшылыққа төзімді сорттарын қолдану перспективалары мәселелері жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Елжас Коныспекович Каиржановтың сөзінде айтылды. Жаздық бидайдың әр түрлі мерзімде пісетін түрлері, ір түрлі сапалары ұсынылды. Бұл сорттарды өсіру шарттары ерекше атап өтілді. Минералды тыңайтқыштардың әртүрлі түрлері мен формаларын қолдану тәжірибесімен агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының аға ғылыми қызметкері Наздрачев Яков Павлович бөлісті. Дақылдардың құрылымын ескере отырып, азот пен фосфор тыңайтқыштарының оңтайлы дозалары және оларды қолдану технологиясы ұсынылды.

Семинар барысында ғалымдар мен практиктердің пікірлері тыңдалды. Пікір алмасу барысында тәжірибешілердің өзекті мәселелері баяндалды. Пікірталас барысында тараптар ғалымдар өндірістің нақты жағдайларына назар аударып, үлкен өндіріс орындарында бірлескен жұмыстарды кеңінен қолдану керек деген пікірге келді. Семинардың жалғасы танатық жағдайда жалғасатын болады.

скачать dle 12.0
440 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх