АШҒӨО Valmont компаниясымен бірлесіп халықаралық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырды
Жаңалықтар
15 қазанда А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы қабырғасында «Алғашқы пивот: Механикаландырылған суармалы егіншілікті жүргізу» тақырыбына екікүндік халықаралық ғылыми-практикалық семинар жұмысын бастады.
Семинарды америкалық Valmont компаниясы мен А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Семинардың мақсаты – Қазақстан Республикасында өнімділікті арттыру және өндірістің экологиялық таза болуын өсімдіктерді қорғау құралдары көлемін қысқартуды, тыңайтқыштардың, сонымен қатар ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа перспективалы түрлерінің тиімділігін арттыруды көздейтін механикаландырылған суландыру егіншілігінің мүмкіндіктерін көрсету болып табылады.
Семинарға отандық және шетелдік агрофирмалардың, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары әкімдіктері мен ауыл шаруашылық басқармаларының, Қазақстанның фермерлер одағының өкілдері және Солтүстік Қазақстанның фермерлері қатысты.
АШҒӨО бас директоры, академик Кенже Абдуллаев семинарға қатысушыларға сәттілік тілеп, шараның маңыздылығын атап өтті.
«Valmont компаниясының семинары Ғылыми-өндірістік орталықта өткізіліп жатқаны тегін емес, себебі Ғылыми орталық Қазақстанның аграрлық ғылымындағы басты зерттеу институты болып табылады. Бүгінде орталықтың ғалымдары Valmont-пен бірлесіп «суармалы полигон» құру үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Ол АШҒӨО базасында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жаңа инновациялық агротехнологияларын, сондай-ақ мониторингілеу және бақылау технологияларын көрсетуге бағытталған. Семинарға қатысушыларға суландыру бойынша өз шаруашылықтарына қажетті құнды мағлұмат алып, оны Қазақстанның ауыл шаруашылығы игілігі үшін практикада қолдануға тілектестік білдіремін», - деді Кенже Қожахметұлы.
К.Абдуллаев сондай-ақ Қазақстанда және АҚШ-та қолданылатын суландырудың тәжірибесі және әдістерімен бөлісіп, АШҒӨО-ның ғылыми-практикалық мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Valmont компаниясының қосымшаларды және халықаралық қызметтерді қолдау жөніндегі жаһандық директоры Скот Маузес қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп: «Біз суландыру жүйесінде өзіміз әзірлеген жұмыстарымызбен және әлемдік озық практикамен бөлісуге қуаныштымыз және берген біліміміз Сізге ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыруда, өнімділікті арттыруға табуға көмектеседі деп сенеміз. Бүгін алғашқы семинарымызды өткізіп отырмыз, алдағы уақытта Valmont компаниясының мамандары Қазақстанның фермерлері үшін осындай бірнеше семинар өткізуді көздеп отыр», - деді.
Valley компаниясының Еуразия бойынша аймақтық менеджері Сергей Стефанов, суландырудағы терминдер және өлшемдер,
Valley-дің басқару панелі туралы айтып берді.
Семинар барысында Valley компаниясының сауда жөніндегі аймақтық менеджері Николай Рябов америкалық компанияның суландыру шешімдеріне шолу жасап, құрылымымен таныстырды.
Қазақстанның аймақтары үшін суландырудың оңтайлы әдістері мәселелеріне арналған пікірталас барысында АШҒӨО ғалымдары осы саладағы ғылыми-практикалық нәтижелерімен бөлісті.
1 237 -рет қаралды