А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да ҒЗЖ қорытындысы шығарылды
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Онда Орталықтың ағымдағы 2022 жылғы ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындысы шығарылды. Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Утебаев Марал Уралович ақпараттық сөз сөйледі. Жалпы, барлық ғылыми жобаларды іске асыру қарқынды жүріп жатқаны атап өтілді. ҒЗЖ нәтижелері бойынша рейтингтік бағалауға сәйкес комиссия "Үздік ғылыми бөлім" - Егіншілік бөлімі (меңгерушісі Ногаев Адильбек Айдарханович) материалдық құндылықтарды сатып алуға 1 млн. теңге сомасына сертификат берілді.
"Үздік ғылыми зертхана" номинациясы бойынша 1-орынды биохимия және ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын технологиялық бағалау зертханасы иеленді (меңг. Светлана Михайловна Дашкевич) материалдық құндылықтарды сатып алуға 600 мың теңге сомасына сертификат, 2 орынға адаптивті және агроландрафт технологиясы зертханасына (меңг.Акшалов Канат Ашкеевич) 400 мың теңге сомасына сертификат, 3-ші орынды өсімдіктерді қорғау зертханасы иеленді (меңг. Кочоров Абдумамат Сүлейманович) материалдық құндылықтарды сатып алуға 300 мың теңге сертификат берілді.
"Нәтижелі ғалым" номинациясы бойынша 1-орынды Филиппова Надежда Ивановна (сыйақы - 400 мың теңге), 2-орын - Акшалов Канат Ашкеевич (сыйақы-200 мың теңге), 3 орын- Ногаев Адильбек Айдарханович (сыйақы -100 мың теңге) иеленді.
"Нәтижелі автор" номинациясында ғалымдар Утебаев Марал Уралович пен Бахтияр Жанзаков (сыйақы-200 мың теңгеден) иеленді.
Тағылымдамадан өту және біліктілікті арттыру туралы есептермен Б.Ж. Бекешев (Беларусь Республикасы), А.К. Ахметова, А.А. Ногаев (Ресей), К.А. Акшалов, К.К. Кунанбаев (Германия), А.С. Кочоров (Қазақстан) сөз сөйледі. Сонымен қатар, сайтта ғылыми қызметкерлердің толық ақпараты бар есептері орналастырылады.
Ақпараттық-имидждік сипаттағы жарияланымдар бойынша Медиа - жоспардың орындалуы туралы Касенова Сауле Хайлуллиновна есеп берді. Орталықтың ресми сайтында үш нұсқада (қазақ, ағылшын және орыс) 700-ден астам материалдар орналастырылғаны, сонымен қатар 40-тан астам ғылыми қызметкерлердің материалдары әртүрлі Орталық, өңірлік және салалық басылымдарда жарияланғаны, сондай-ақ біздің ғалымдар жыл бойы 12 телебағдарламаға қатысқаны атап өтілді.