А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдары «Таймас» атты астықтың жаңа сұрыпын ойлап тапты


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

    Жаздық жұмсақ бидайдың жаңа сортына ғалымдар «Таймас» деген ат беріп отыр. Өткен жылы мемлекеттік тексерістен сәтті өткен сұрыпқа бүгінгі таңда патент беріліп тұқым ретінде молайтып таратуға мүмкіндік туды. Асыл тұқымды «Таймас» сортын А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы ғалымдары 15 жыл бойына әбден зерттеп-зерделеген. Ұзақ жылдар бойы дайындалған сұрыпқа орталық ғалымдарыосы 2023 жылы мемлекеттік патент алған. Бұл туралы бізге орталықтың «Жаздық жұмсақ бидай селекциясы» зертханасының меңгерушісі жас ғалым Елжас Қайыржанов айтып берді.


   «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» «Таймас» сұрыпы еліміздің селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген. Астық шаруашылығы орталығы мамандары жаңа сорттың құрғақшылыққа төзімді екенін айтып отыр. «Таймас» пісу түріне сәйкес орта маусымдық сорттарға жатады. Астық сапасының технологиялық көрсеткіштері бойынша «Таймас» сорты күшті бидай сұрпына жатады. Мұндағы шикі клейковинаның мөлшері 32,3-34,5%, ақуыз 15,1-15,7%. Сорттың өнімділігі де аса жоғары.


«Зерттеу жылдарында жаңа сортымыз максималды өнімділікті көрсетіп - 38,5 ц/га құрады. Жаңа сорт Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіруге ұсынылады», - деді жас ғалым Елжас Қайыржанов.


Ұжымның бірлесіп жасаған жұмысының нәтижесінде еліміздің солтүстік өңірлеріне аса бейінді аталмыш сорт түрі алқаптарда кездесетін түрлі ауруларға төзімді болып отыр. Солардың қатарында сары тот ауыруын айтуға болады.


  Өкінішке орай сары тот ауыруы бидай тұқымдасының өсуі мен жетілуіне айтарлықтай зиян келтіреді. Аталмыш ауруға шалдыққан бидай алқабы ғалымдардың есептеуі бойынша 30-40%өнімділікті төмендетеді екен. Ал «Таймас» бұл ауруға төзімді болып шыққан.


   Қазіргі уақытта элиталық тұқым түрін көбейту жұмыстарына дайындықжүргізіліп жатыр. Алдағы екі жыл ішінде жеткілікті мөлшерде көбейтіп тұқым ретінде өзге тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына жөнелту жоспарлануда, - дейді Елжас Қайыржанов.


   «1000 тұқымның салмағы 53,6-дан 77,7 г-ға дейін, ақуыз мөлшері 32,67%-ға дейін жетеді. Бәсекеге қабілетті сорт сынау питомнигінде жаңа сорттың астық өнімділігі орташа есеппен 11,26 центнер/га, Веховская сортының өнімділігі 10,04 центнер/га құрады. Артық көрсеткіш 1,22 ц/га құрады. Бұл ретте жаңа сорттың ерте пісетіндігі де айтылды. 2016 жылғы өндірістік сорт сынақта жаңа сорттың өнімділігі гектарына 17,55 центнерді құрады», - деп бөлісті астық орталығы қызметкерлері.


Бейне сілтеме арқылы қол жетімді https://www.youtube.com/watch?v=KGIikj3qQ6M

Материал сайттан алынды https://kazatu.edu.kz/news/a-i-baraev-atyndagy-astyk-saruasylygy-gylymi-ndiristik-ortalygy-galymdary-tajmas-atty-astykty-zaa-srypyn-ojlap-tapty



скачать dle 12.0
627 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх