Перспективалы дақылдар – Қазақстан ауыл шаруашылығының келешегі


Жаңалықтар

Климаты құрғақ Ақмола облысында гектарынан 35-40 центнерден өнім алуға болады
Перспективалы ауыл шаруашылығы дақылдары дегеніміз не және оларды қазақстандық климатқа арнайы қалай шығаруға болатыны жайында «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлан Серекпаев Instagram алаңында өткен agrobilim.onlineтікелей эфирде әңгімеледі.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сұрыптары дегеніміз не?
Ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сұрыптары – нақты топырақта климаттық аймақтар жағайында тұрақты жоғары түсім беретін дақылдар. Белгілі бір топырақ-климаттық аймақтардағы барлық сұрып өзінің бүкіл әлеуетін көрсете алмайды және жоғары өнім беруі де екіталай. Сондықтан, қоршаған ортадағы жағдайға байланысты әр аймаққа тән, осы сыртқы факторларға бейімделген және тұрақты жоғары өнім беретін перспективалы сұрыптарды таңдау қажет. Мұндай жұмыспен астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы айналысады.

Астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы не үшін қажет?
«А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС астықтың жаңа сұрыптарын өсіру және көбейтумен айналысады, содан кейін алынған тұқым көлемі элиталық тұқым шаруашылықтарына жіберіледі, онда тұқымды одан әрі көбейту жүреді. Тұқымның көп мөлшерін алғаннан кейін элиталық тұқым және тұқым шаруашылығы қожалықтары оларды қатардағы фермаларға тұқым ретінде сатады. Бұл Қазақстандағы тұқым шаруашылығының бүтін тізбегі.

Қазақстан ғылыми-өндірістік орталығы немен айналысады?
Биыл қуаңшылық өршіген қиын жыл. Сондықтан дәл осы жылы қандай сұрыптар қуаңшылыққа төзімдірек болып, шаруашылықтардың егістіктерінде қандай түсім бергенін байқауға мүмкіндік туды. Биыл Ақмола облысында Қазақстаннан ғана емес, Ресей, Франция, Германиядан әкелінген бидай, бұршақ, ноқат, күнбағыстың бірнеше эксперименталді сұрыптары егілді.
Биыл орталықтың құрылғанына 65 жыл толады, осы датаға орай биыл мамандар Орталықтың 1958 жылдан бергі барлық сұрыбын екті. Осылайша ғалымдар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өткен ғасырдағы ескі сұрыптарды таныстырды. Фермерлер Қазақстанда алғаш рет өсірілген сұрыптар мен бүгінгі сұрыптармен танысты, олардың түрі қандай, несімен ерекшеленеді, құрғақшылық, аурулар, зиянкестерге, сондай-ақ жатып қалу және төгілуге қаншалықты төзімді екенін байқады.

Бүгінде ғалымдар таныстырған бидайдың ең перспективалы сұрыбы қандай?
12 тамызда Орталық бидайдың бірегей – «Таймас» сұрыбын таныстырды. Бұл жаздық жұмсақ бидайдың түрі, сұрып қазіргі кезде мемлекеттік сұрып сынағынан өтіп жатыр және келер жылы ғалымдар оны өндіріске енгізуді жоспарлаған. Келесі жылы тұқымның шағын партиясы нысаналы өңірдің элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына жіберіледі, Ақмола облысында мұндай 15 шаруашылық бар. Онда супер-элитадағы тұқымдар үлкен көлемде алынады. Нәтижесінде 2023-24 жылдары элиталық-тұқым және тұқым шаруашылықтары «Таймас» супер элитасын Ақмола облысынң қатардағы фермерлеріне сата алады.

Орталықта бидайдың құрғақшылыққа төзімді қандай сұрыптары әзірленуде?
Бұл ақпарат селекциялық құпиялылыққа жатады. Сұрып толығымен пайдалануға берілмесе, мемлекеттік тұқым сынағынан өтпей жатып, ғалымдар жариялау түгілі сұрыпқа атау да бере алмайды. Бірақ сарапшы орталық жұмысында көптеген перспективті тізбек барын, олар келешекте жаңа сұрып болатынын айтты, соның ішінде жаздық қатты бидайға арналған тізбекте бар, олар бүгінде жақсы нәтиже көрсетіп, Орталықтың тәжірибелік алаңдарында 35-40 центнерге дейін өнім береді. Кейін ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін жаңа сұрыптар өндіріске шығады.
«Сұрыпқа патент алынбағанша ол туралы ақпарат беріп, жариялаудың қажеті жоқ. Өйткені жария етілген сұрыпқа патент ала алмаймыз», – дейді Нұрлан Серекпаев.

Марина Рузматова
Дереккөзі: 
https://agrobilim.kz/news_item/perspektivnie-kulturi-buduschee-kazahstanskogo-selskogo-hozjaystva
скачать dle 12.0
718 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх