С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ студенттері А.И. Бараев атындағы АШҒӨО өндірістік тәжірибеден өтуде


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

  2023 жылдың 10 мамырынан бастап С. Сейфуллин атындағы КАТЗУ 2-3 курс студенттерінде А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да өндірістік тәжірибе басталды. Бейінді ЖОО студенттерінің тәжірибеден өтуі егінді себу жұмыстары және егін жинау науқандары кезеңіне есептелген, бұл кезде олардың танаптық жағдайында және ғылыми зертханаларда жоғары сапалы кәсіби білім мен жұмыс дағдыларын алуына тамаша мүмкіндік беріледі. Тәжірибе жетекшілері, ғылыми зертханалардың меңгерушілері студенттердің алған теориялық білімдерін бекіту үшін толық жағдай жасап, бар күш-жігерін салады, оларға университет пен Орталық арасындағы өндірістік тәжірибеден өту туралы шарттың ережелеріне сәйкес тәжірибелік дағдыларды сіңіреді. Орталық басшылығы бұл үшін барынша мүмкіндіктер жасады, студенттердің тұруы мен үш рет тамақтануы үшін оңтайлы жағдайлар ұйымдастырылды, танапта және зертханаларда жұмыс істеу үшін қауіпсіз жағдайлар жасалды.

  Орталық пен Университет студенттердің тәжірибеден сәтті өтуіне ерекше көңіл аударады, өйткені олар АӨК-нің ертеңгі кадрлық әлеуеті болып табылады.

скачать dle 12.0
550 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх