Танаптық семинарға ШАҚЫРУ "Құрғақшылық жағдайда астықты тұрақты өндіруге арналған агрономиялық әдістер"


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Танаптық семинарға

ШАҚЫРУ


Құрғақшылық жағдайда астықты тұрақты

өндіруге арналған агрономиялық әдістер


"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС фермерлер үшін танаптық семинар өткізеді.

Семинар бағдарламасында-тәжірибелік стационарларға бару, 2023 жылғы ауа райы жағдайларын ескере отырып, дәнді және бұршақ дақылдарын өсірудің агротехникасын салыстырмалы бағалау үшін егістіктерді көрсету:

- астықтың өнімділігі мен сапасына агрофонды ескере отырып, тұқым себу мерзімі мен мөлшерінің әсері бойынша ғылыми тәжірибелердің нәтижелерін көрсету;

- өсіру технологияларының қарқындылығын ескере отырып, минералды тыңайтқыштарды қолданудың астық өнімділігіне әсері;

- ағымдағы жылдың жағдайында дақылдарды арамшөптерден қорғау жөніндегі іс-шаралардың салыстырмалы тиімділігі;

- нақты егіншілік элементтерімен танаптық жұмыстарды көрсету;

- селекциялық питомникте отандық және шетелдік селекцияның жаздық жұмсақ бидайының құрғақшылыққа төзімді жаңа сорттарыныңегістігін көрсету.


Өтетін орны: "А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кенті, Бараев көшесі, 15


Өткізу күні: 28 шілде 2023 жыл, басталуы9:30 сағат


Қатысуға өтінімдерді қабылдайтын: Татьяна Гонтаренко,

тел.: +7 705 102 3209,WhatsApp

e-mail: shortandy.ex@mail.ru



скачать dle 12.0
489 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх