ҚР АШМ А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да ғылыми танаптық тәжірибелерді қабылдауды жүргізді


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

7 шілде күні А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да АШМ комиссиясы БНҚ шеңберінде ғылыми тәжірибелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезеңдерін қабылдауды жүргізді. Олар орталықтың танаптық учаскелерін аралау барысында "АӨК субъектілерінің өзекті өндірістік міндеттеріне ғарыштық зондтау және нақты егіншілік технологияларын бейімдеу үшін техникалық және технологиялық параметрлерді әзірлеу және ғылыми негіздеу және бұл үшін қажетті құралымды қалыптастыру" және "Қазақстан өңірлері үшін өсірудің әртүрлі технологияларын салыстырмалы зерттеу негізінде өңдеу технологиясының элементтерін, сараланған тамақтануды, өсімдіктерді қорғау құралдарын және рентабельді өндіріс үшін техниканы қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәнді, дәнді-бұршақ, майлы және техникалық дақылдарды) өсірудің егіншілік жүйесін әзірлеу"2 ҒТБ іске асыру шеңберінде 2022 жылға арналған танаптық маусымның күнтізбелік жоспарына сәйкес эксперименттердің толық көлемде қойылғаны анықталды жәнебұл бағдарламалық тапсырманы орындау жоспарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тексеру зерттеулері барысында өндірісті басқару орталығында нақты егіншілік жүйесінің барлық технологиялық құралдарының өндірістік процесі мониторинг жүргізілді. Содан кейін комиссияға талдау орталығында БНҚ шеңберінде сатып алынған жаңа жабдықтар көрсетілді.


скачать dle 12.0
467 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх