А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да координациялық кеңес өтті
Жаңалықтар
2021 жылғы 14-15 қазанда "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС-де:"Қазақстан өңірлері үшін өсірудің әртүрлі технологияларын салыстырмалы зерттеу негізінде өңдеу технологиясының элементтерін, әртараптандырылған қоректендіру, өсімдіктерді қорғау құралдарын және рентабельді өндіріс үшін техниканы қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәнді, дәнді-бұршақ, майлы және техникалық дақылдарды) өсірудің егіншілік жүйесін әзірлеу" және "АӨК субъектілерінің өзекті өндірістік міндеттеріне ғарыштық зондтау және нақты егіншілік технологияларын бейімдеу және осы үшін қажетті референттік деректер базасын қалыптастыру үшін техникалық және технологиялық параметрлерді әзірлеу және ғылыми негіздеу" ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша 2021 жылғы аралық жылдық есептерді тыңдау және талқылау бойынша офлайн және онлайн форматта координациялық кеңесі өтті.
Кеңесті "А.И. Бараев атындағы АШҒӨО"ЖШС Басқарма Төрағасы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлы ашып, презентациялық материалдармен сөз сөйлеу үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген іс-шараларды орындаушыларға сөз берді.
Алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен Оңтүстік-батыс мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, Ақтөбе, Қарабалық, Солтүстік Қазақстан АШТС және мақта шаруашылығы және бақша шаруашылығы АШТС, Заречный ЖШС, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО қызметкерлері бөлісті.
ҒЗЖ-дан алынған нәтижелерді тыңдап және талқылағаннан кейін координациялық кеңестің мүшелері оларды бекітті және 2021 жылға жылдық есепті жинақтау және жасау үшін есептерді ұсынды.