​Жексенбай Айтошұлы Қасқарбаев


Тарих беттері
Жексенбай Айтошұлы Қасқарбаев 1961 жылы 31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының Талшық ауылында дүниеге келген.
Жексенбай Айтошұлы жалпы отандық ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына зор үлес қосты. Ол сан қырлы қызметіне жоғары кәсібилікті негіз етті. Жұмысқа деген ерекше қабілеттілік пен кез келген міндетті шешуге деген іскерлігі оның қызметінің жемісті болуының басты сипаттары болатын. Нақты егіншілік технологияларын, органикалық егіншілік негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологияларын әзірлеу, жаңа селекциялық сұрыптарды енгізуге көп еңбек етті. Ол Солтүстік Қазақстанда астық, дәнді бұршақ және майлы дақылдарын өсірудің жаңа технологияларын ұсынып, орталықта зерттелетін дақылдардың түрлері көбейтіп,аймақ үшін дәстүрлі емес дақылдармен селекциялық жұмысты қол алды.
Ж.А.Қасқарбаев өзі басы-қасында жүріпөсімдік шаруашылығын әртараптандыру және Қазақстанның далалық аймағында үнемдеуші егіншіліктің ғылыми негіздерін әзірледі. Солтүстік Қазақстанда топырақтың құнарлылығын қалпына келтіруді және сақтауды қамтамасыз ететін, астық, дәнді бұршақ және майлы дақылдарды өсірудің минималды және нөлдік технологияларын, өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортын кеңейтуді ұсынған. Солтүстік Қазақстанныңқаратопырақты жерлерін өңдеу жүйесін оңтайландырудың ғылыми негіздері ұсынылды.

Мемлекетке сіңірген еңбегі үшін, ауыл шаруашылығы ғылымына, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі үшін Ж.А.Қасқарбаев «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Тыңның 50 жылдығы» медальдарымен, «Академик А.И.Бараевтың 100 жылдығы» естелік медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың екі Алғыс хатымен марапатталған.

Жексенбай Айтошұлы Қасқарбаев 2017 жылы 12 қыркүйекте қайтыс болды.

скачать dle 12.0
1 015 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх