Орталық білімді таратады


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар


Аграрлық ғылымды дамытудың негізгі мақсаттарының бірі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеге енгізу болып табылады. Бұған 22 білім тарату орталығынан тұратын "ҰАҒБО" КеАҚ білім тарату жүйесі қызмет етеді, оның бірі өсімдік шаруашылығында инновацияларды таратуда он жылдық практикалық тәжірибесі бар А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы "Шортанды" білім тарату орталығы болып табылады.


БТО жұмысының мақсаты агробизнестің қажеттілігіне байланысты АӨК субъектілеріне оқыту іс-шараларын жүргізу және консультация беру жолымен ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи және тиімді ауыл шаруашылығы технологиялары мен инновацияларды енгізу және білімді тарату болып табылады. Қызметтің бағыттары Үкіметтің АӨК дамыту жөніндегі бағдарламаларын іске асыруға, басым бағыттар бойынша аграрлық ғылымның жобалық әзірлемелеріне, сондай-ақ жергілікті жағдайларда сынақтан өткізілген және Солтүстік Қазақстанның озық шаруашылықтарында тәжірибеде қолданылатын қазіргі заманғы әлемдік технологиялардың трансфертіне негізделеді.

2022 жылы Бараев атындағы АШҒӨО-да егіншілік саласында мынадай жобалар бойынша ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізілді:"Қазақстан өңірлері үшін өсірудің әртүрлі технологияларын салыстырмалы зерттеу негізінде өңдеу технологиясының элементтерін, әртараптанған тамақтануды, өсімдіктерді қорғау құралдарын және рентабельді өндіріс үшін техниканы қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәнді, дәнді-бұршақ, майлы және техникалық дақылдарды) өсірудің егіншілік жүйесін әзірлеу","АӨК субъектілерінің өзекті өндірістік міндеттеріне ғарыштық зондтау және нақты егіншілік технологияларын бейімдеу үшін техникалық және технологиялық параметрлерді әзірлеу және ғылыми негіздеу және ол үшін қажетті референттік деректер базасын қалыптастыру".Ауыл шаруашылығы дақылдары селекциясы саласында үлкен жұмыс жүргізілуде, өңірлік жағдайларға бейімделген, жоғары өнімді құрғақшылыққа төзімді жаңа сорттар құрылуда. Орталықта оқыту іс-шараларында сарапшылар мен лекторлар ретінде тартылатын танымал ғалымдар жұмыс істейді.


АШҒӨО-да оқыту іс-шараларын өткізу үшін барлық инфрақұрылым бар: жабдықталған оқу аудиториялары, демонстрациялық учаскелер. 2018 жылдан бастап алаңы 3000 га нақты егіншілік полигонында цифрлық технологиялар пысықталуда.БТО жұмыс істеген барлық кезеңде семинарларда 3000-нан астам адам оқыды, далалық семинарларда және Дала күндерінде 2500-ден астам адам болды, 1500 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге консультациялық қызметтер көрсетілді. Іс-шараларға қатысушылар ретінде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және басқа облыстардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа(фермер) қожалықтарының басшылары мен бас мамандары тартылады. Өңірлік таралуы: Ақмола облысы шамамен 60%, Солтүстік Қазақстан облысы 36%, қалған облыстар 4%.

АӨК субъектілерімен жұмыс өз қаражаты есебінен, коммерциялық негізде және 267 "Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасының 100 "АӨК субъектілерін қайтарымсыз негізде ақпараттық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасының қаражаты есебінен қайтарымсыз жүргізіледі, оның шеңберінде 2021 жылы тоғыз шаруашылықта 2 оқыту семинары және мамандарға консультация беру жүргізілді.


"Шортанды" БТО ағымдағы жылы семинарлар мен вебинарлар форматында (онлайн нысанда) жұмыс істейді, өз базасында және серіктес шаруашылықтардың көрсету алаңдарында білімді тарату бойынша іс-шаралар өткізеді. 2021 жылы А.И. Бараев атындағы АШҒӨО сарапшы-кеңесшілері Ақмола облысының барлық аудандарында нақты егіншілік бойынша семинарлар өткізді.

Биылғы жылы нақты егіншілік бағыты бойынша оқыту жалғасуда, алқаптардың электрондық карталарын, борттық компьютерлерге арналған карта-тапсырмаларды қалыптастыру және олармен жұмыс істеу, тыңайтқыштарды саралап енгізу, өнімділікті картаға түсіру бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар жүргізілуде.

Шаруашылықтарға келесі бағыттар бойынша ғылыми сүйемелдеу жүргізілуде:

- Агрохимиялық зерттеу, а/ш дақылдарын өсірудің минералды қоректенуі бойынша ұсынымдар;

- Ауыл шаруашылығы өнімдерін офлайн және онлайн өндіру консалтингі;

- Тұқымшаруашылығы өндірісін ғылыми сүйемелдеу, кейіннен тұқым шаруашылығы мәртебесін алу;

-Тұқым шаруашылығын және элиталық тұқым өсіру және тұқымшаруашылықтарының сорттық агротехникасын ғылыми сүйемелдеу;

- Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің, оның ішінде нақты егіншіліктің инновациялық технологияларын енгізу және трансферттеу.


Білім тарату жүйесінің іс-шараларын ақпараттандырудың нысандары мен әдістері де өзгеруде. www.baraev.kz сайты белсенді түрде іске қосылды, әлеуметтік желілерде (фейсбук, Instagram) кеңес беру жүргізіледі, онда практикалық ұсынымдар, инфографика және бейнематериалдар орналастырылады.Орталық сайтында "Фермерге"бөлімінде біздің сарапшыларға сұрақтар қою және толық жауап алу мүмкіндігі бар. IТ-агрономияның заманауи әдістерін көпшілікке тарату және аграрлық ғылым мен ауыл шаруашылығындағы жұмыстың тартымдылығы үшін жастармен жұмыс жүргізілуде.

"Шортанды" БТо дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған перспективалық жоспарларына АШТӨ-ні білім тарату жүйесінің іс-шараларымен қамтуды ұлғайту кіреді.


Гонтаренко Татьяна, Білім тарату орталығының маманы

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО

( «Акмолинская правда» №4912.05.2022 ж.)



скачать dle 12.0
458 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх