Әр түрлі алғы дақылдардан кейінгі жаздық бидайдың өскінін анықтау


Ғылыми мақалалар


А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ауыспалы егіс тобының көп жылдық далалық стационарында әр түрлі алғы дақылдардан кейінгі жаздық бидай өсімдігінің өскінің саны анықталды. Өсімдік өскінін алу үшін мөлтектің біркелкі тегіс жерінен алынады. Кез келген өсімдік өскіннің пайда болуыменбасталады Өсімдік топырақ бетіне жарылып шығып бірінші нағыз жапырақ, одан әрі қарай екінші және үшінші жапырақ шығып тамырлар қатая бастайды. Осыны өсімдік өскіні дейді. Одан әрі қарай әр түрлі алғы дақылдардан өсімдік өскінін анықтау үшін мөлтекке 4 рет рамканы қойып соның ішіндегі қанша егіс өскінін барын санайды. Рамканың көлемі 0,25см2. Одан кейін танаптан 4 рет алынған өскіннің саны бір –біріне қосады одан шыққан жалпы өсімдік саны 1 шаршы метрді құрайды. Бір шаршы метрден алынған бидайдың өскін саны арнайы жұмыс жорналына жазылады.

Әр түрлі алғы дақылдардан кейін алынған деректер тәжірибенің екі қайталануынан келесі нәтижені көрсетті. Бір шаршы метр көлемнен алынған ең жоғары жаздық бидайдың өскінін сидералды пардан кейін -222 дана, еркекшөп және таза пар танабынан кейін біркелкі бірдей - 212 дана және жаздық рапстан кейін- 205 дананы құрады. Ал басқа алғы дақылдардан кейін себілген жаздық бидайдың өскіні 188 пен 201 дана аралығында болды (сурет-1,2).


Сурет-1 Аңыздық танапқа себілген жаздық бидайдың өскінін санау жұмыстары
Сурет-2 Нөлдік пардан кейін тікелей себілген жаздық бидайдың өскінін санау жұмыстары

Ғылыми материалды дайындаған ауыспалы егіс тобының жетекшісі Қияс Алдаберген Алдоңғарұлы

скачать dle 12.0
3 543 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх