Алқаптық дақылдардың агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандандыру тобы күзгі жұмыстарды жүргізіп жатыр
Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО алқап дақылдарының агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру тобының тәжірибелік стационарында жасымық орылған соң мамандар топырақ үлгілерін алды. Мұндай үлгілер топырақтағы өнімділікке қажетті ылғалды анықтау үшін алынады. Осылайша түскен жауын-шашын мен қолдағы мәліметтерді жинақтай отырып өсіп-өну кезеңінде жасымықтың топырақтан қанша ылға сіңіретініне есеп жүргізіледі.
Аталған топта ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бөлек, келесі жылға тәжірибелерді отырғызу үшін алқапты дайындау жүреді. Ғылыми тәжірибе үшін қажетті жақсы тегістелген учаскеге қол жеткізу үшін алқаптарға топырақ өңдеуші құралдармен механикалық өңделеді.
1 546 -рет қаралды