Микробиологиялық зерттеулер үшін топырақ үлгілері алынды


Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО микробиология тобының қызметкерлері орталықтың микробиологиялық зерттеулерге арналған далалық стационарларында топырақ профилі қабатынан топырақ үлгілерін іріктеп алды. 
Зертханада асептика шарттарын сақтай отырып, топырақ үлгілерін ұсақтайды және електен өткізеді. Әр үлгіден 10 г-нан топырақ өлшенділерін алады және микробиологиялық талдау үшін топырақ микроорганизмдерінің әртүрлі физиологиялық топтарын бөліп шығару бағытында стерильді суы бар колбаларға шекті өсіру әдісімен тасымалданады.
 
Топырақ суспензиясы 120 об / мин болғанда biosan OS-20 орбиталды шейкерінде колбаларды шайқау жолымен микробиологиялық егуге дайындалады. 
Сонымен қатар бюкстерге топырақтың ылғалдылығын анықтау үшін өлшеу тәсілімен топырақ өлшенділері алынады.
скачать dle 12.0
2 305 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх