"Лавина" - иілімділік қасиеті өте жоғары сорт


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Р.М. Сүлейменов, Р.Н. Оковитая, Ж.М. Нұрғалиева, Г.П. Мамыкина.
Лавина жаздық қатты бидай сорты «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ында жасалған. Сорттың арғы тегі: к – 48235 / Ангара//Целиноградская 85.

Гордеиформе түршесіне жатады. Масақтары қызыл түсті, қанықтығы орташа, тік, пирамида тәріздес, жоғарыға қарай жіңішкере түседі; орташа көлемде (7,5-8,0 см, қалыңдығы 1,0-1,3 см), салыстырмалы түрде алғанда, бос (әр бастың 10 см ұзындықтағы бөлігінде 21-24 бунақтан жиірек) болады. Масақтың қабыршақтары сопақшалау, ұзынша, көлемі орташа, әлсіз байқалатын, сирек жолақшалары бар. Түйін кертештері орташа көлемде, сәл майысыңқы, масақтың ұзына бойына әркелкі болып келеді. Қылқандары жіңішке, тегіс, ашық қоңыр түсті. Дәні — янтарь түстес сары, созыңқы, орташа ұзындықта (7-8 мм), «айдары» бар.

Сорт орта мерзімде піседі. Көктеп-масақтану кезеңінде дамуы тежеледі, бұл жергілікті ауа райына тән көктемгі-жазғы құрғақшылықтан жақсы өтуге мүмкіндік береді. Лавина — құрғақшылыққа аса төзімді, сондай-ақ, иілімділігі де жоғары сорт. Қолайлы жылдары өнімді тармақшалары 3-5-ке жетіп, аудандастырылған сорттардан 15-20 пайыз артық өнім береді. Тозаңды қаракүйеге төзімді.

Сорт өте сапалы өнім береді, макарон түсінің көрсеткіші стандартты Дамсинская 90 сортынан 0,2 баллға жоғары.Дәнінің мөлдірлігі де стандарттан жоғары — 94-96 пайыз. Түрлі күтіп-баптау шараларына қарай шикі ұлпа сапасы да тұрақты болады — орташа алғанда, ШӨИ-1 бойынша 57 бірлік. Каротиндік өңбергіштер мөлшері де стандартты сорт көрсеткіштерінен жоғары.

Иілімділік қасиетінің жоғарылығы сортты Қазақстанның солтүстік өңірлерінде кез-келген ауа райы жағдайында өсіруге мүмкіндік береді. Әртүрлі күтіп-баптау шаралары қолданылған жағдайларда, жаңа сорт орташа алғанда, 25,48 ц/га астық өнімін берді, салыстыру үшін: Дамсинская 90 стандартының өнімділігі — 21,49 ц/га. Орман қабатымен қорғалған алқапта ең жоғары — гектарынан 54,0 центнер өнім берді, стандартты сорттың көрсеткіші — 51,0 ц/га. Өндірістік мақсаттағы сортсынағы кезінде өнімділігі 38,0 ц/га көрсеткішті құрады, ал стандарттың көрсеткіші — 36,5 ц/га. Солтүстік Қазақстан облысында, орташа алғанда, 32 ц/га өнім берді, Омская янтарная сортының көрсеткіші — 28 ц/га. 2015 жылдан бері Ақмола облысында пайдалануға рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
1 477 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх