«Сабир» жаздық арпа сорты-ылғалдандыруды жақсы қабылдайды


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Р.Н. Оковитая, Н.А. Кравченко.
Сабир жаздық арпа сорты ата-аналық түрді (Кедр х Logra) қарапайым жұптық будандастырып, соңынан F3 буынынан 4332 Н гибридтік комбинациясы бойынша жеке-әулеттік сұрыптау жасау әдісі арқылы алынған. Нутанс түршесіне жатады. Масағы екіқатарлы, бос, жартылай тік, қылқанды, цилиндр пішіндес, сәл қызыл-көк реңкі бар сары түсті болады.

Дәні сары, ірі. 1000 дәннің салмағы — 45,0-60,0 г.

Сабир жаздық арпа сорты орта мерзімде піседі, өсіп-өну кезеңі — 72-77 күн. Көптеген шаруашылық-құнды қасиеттері бар: құрғақшылыққа төзімді, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды; тозаңды қаракүйеге төзімділігі — орташа деңгейде, қатты қаракүйе мен арпаның швед шыбынына төзімді. Сабақ бүргесіне төзімділігі — орташа. Мал азығындық бағыттағы сорт.

Орташа өнімділік көрсеткіші — 35,0 ц/га, бұл Астана 2000 стандартты сортынан 2,5 ц/га көрсеткішке артық. Ақмола облысындағы «Заречный» ЖШС-ында түсімі — 15,3 ц/га, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тұқым» ЖШС-ында 36,2 ц/га болды.Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
2 122 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх