«Целинный 2005» арпа сортының өнімділігі 31,5 ц/г


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.А. Кравченко, Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Р.И. Терещенко.
Сорт 2967Н[911н1(Донецкий8 х Европеум353/133) х 1019Н1(Целинный 213 х Eagle) гибридтік жиынтығынан күрделі будандастыру әдісі арқылы алынған. Нутанс түршесіне жатады. Дәні сары, үлпек, ромб пішіндес. 1000 дәннің салмағы — 48,0-52,4 г. Сабағының биіктігі мен қалыңдығы орташа.Тік өседі.

Сорт орта мерзімде піседі. Өсіп-өну кезеңі — 80-84 күн, Целинный 91 стандартынан 2-3 күн кешірек піседі. Құлап-жапырылуға төзімділігі — орташа деңгейде. Қаракүйе ауруларының барлық түрлеріне және сабаққа жасырынғыш зиянкестерге төзімді. Белок үлесінің көрсеткіші стандартпен деңгейлес. Мал азығындық және азық-түліктік бағыттағы сорт.

Байқау мақсатындағы сортсынағы кезінде Целинный 2005 сортының өнімділігі 30,9 ц/га болды, бұл — Целинный 91 стандартынан 5,5 ц/га-ға артық көрсеткіш. Өндірістік сортсынағы кезіндегі өнімділігі — 16,8 ц/га, бұл Целинный 91 стандартының көрсеткішінен 2,6 ц/га-ға артық.
Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы стансасындағы экологиялық сортсынағы кезінде Целинный 2005 сортының өнімділігі 31,5 ц/га болды, бұл Астана 2000 стандартты сортынан 1,3 ц/га көрсеткішке артық. Ақмола облысындағы «Заречный» ЖШС-ындағы өндірістік сортсынағы кезінде өнімділігі 15,6 ц/га көрсеткішке жетті, Целинный 91 стандартының көрсеткіші — 14,2 ц/га, яғни, стандарттан артықшылығы 1,4 ц/га болды. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат берілген.скачать dle 12.0
1 822 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх