«Никола» жаздық сұлы сортының түсімі 14,0 ц/га
Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.А. Кравченко, Р.И. Терещенко, Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Б.К. Қанафин, З.П. Лузина, Н.В. Ермолина, Л.Е. Злыдень.
Никола жаздық сұлы сорты 1023Н гибридтік жиынтығынан (к-18986 х к-80545) жеке-әулеттік сұрыптау әдісімен алынған. Сорт өз алдына жеке жиынтық болып табылады. Негізгі түршесі — аристата (70 пайыз), қосалқы түрше — мутика (30 пайыз). Сіпсебасы жайылыңқы, төмен бүгілген ашық сары түсті масақтары бар, қылқанды, кейбір қылқансыздары да кездеседі. Дәндері орташа көлемде болады. 1000 дәннің салмағы — 31,2-33,6 г. Сабақтары берік, іші қуыс, қалыңдығы мен және биіктігі (80-105 см) орташа болады. Тік өседі.
Орта мерзімде пісетін сорт (75-82 күн). Құрғақшылыққа төзімділігі пар айдалған алқапта және аңызда — стандарт деңгейінде, ылғалданыдырылған жағдайда одан гөрі жоғарырақ. Құлап-жапырылмайды. Орып-жинау науқанына дейін сақталу көрсеткіші жоғары (85-95 пайыз). Мал азығындық бағыттағы сорт.Белок үлесі 15,3 пайыз болады, бұл стандарттан 1,4 пайызға жоғары.
Никола сортының орташа өнімділік көрсеткіші — 23,8 ц/га, бұл сұлының Скакун стандартты сортынан 2,0 ц/га көрсеткішке артық.
Өндірістік сортсынағы кезінде стандарттан артықшылығы 3,5 ц/га көрсеткішке жетті. Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы стансасындағы экологиялық сортсынағы кезінде Никола сортының түсімділігі 18, 6 ц/га болды, бұл Мирный стандартты сортынан 2,7 ц/га көрсеткішке артық. Ақмола облысындағы «Заречный» ЖШС-ында дән түсімі — 10,7 ц/га болды, Скакун стандартты сортының көрсеткіші — 9,2 ц/га, ал осы екі сорттың көк шөп күйіндегі көрсеткіштері тиісінше — 41,7 ц/га және 40,0 ц/га. Павлодар ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Никола сортының түсімі 14,0 ц/га болып, Ертіс 15 стандартты сортынан 5,6 ц/га көрсеткішке асып түсті. Сорт мемлекеттік тұқым сынағынан өткізіліп жатыр.
1 790 -рет қаралды