«Арман» жаздық сұлы сорты туралы бірер сөз
Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.А. Кравченко, Н.Н. Слепкова, Г.В. Жлоба, Р.И. Терещенко.
Сұлының Арман сорты 1152 Н1 [Ертіс 15 х 1049 Н (Ишимский 48 х Eta)]гибридтік жиынтығынан жеке-әулеттік сұрыптау әдісімен шығарылған.
Мутика түршесіне жатады. Сіпсебасы жартылай тығыз, бүгіліңкі масақты, қылқансыз болады, бұтақтары екі бағытта орналасады. Дәні ашық сары реңкі бар ақ түсті. 1000 дәннің салмағы — 35,4-36,5 г.
Орта мерзімде піседі. Жылма-жыл тұрақты өнім береді. Құлап-жапырылмайды. Сабаққа жасырынғыш зиянкестерге қарсы төзімділігі жоғары. Тозаңды қаракүйемен зақымдануы — стандарт деңгейінде. Белок үлесі 15,8-16,5 пайыз болады, бұл стандарттан 0,7 пайызға жоғары. Өнімділік көрсеткіші — 25,8 ц/га, бұл сұлының Скакун стандартты сортынан 3,2 ц/га көрсеткішке артық.
Өндірістік сортсынағы кезінде стандарттан 3,1 ц/га көрсеткішке артық өнім беріп, түсімділігі 34,6 ц/га болды. Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы стансасындағы экологиялық сортсынағы кезінде Арман сортының орташа түсімі 35, 7 ц/га көрсеткішке жетті, бұл Мирный стандартты сортынан 3,8 ц/га көрсеткішке артық. Павлодар облысында түсімі 18,0 ц/га болып, Ертіс 15 стандартты сортынан 9,6 ц/га көрсеткішке асып түсті. Мал азығындық бағыттағы сорт. Сорт 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Мемлекеттік тізілімге енгізілген.
1 875 -рет қаралды