«Астана 2000» жаздық арпа сорты туралы не білеміз?


Ұсыныстар / Селекция
Авторлары: Н.А. Кравченко, Р.И. Терещенко, Г.В. Жлоба, Л.Ф. Герлинская, Н.Я. Меновщикова.
Астана 2000 сорты 1019 Н1 (Целинный 213 х Eagle) гибридтік жиынтығынан жеке-әулеттік сұрыптау әдісі арқылы алынған.
Медикум түршесіне жатады. Дәні эллипстік пішінде, ірі. 1000 дана дәннің салмағы — 47,3-50,1 г. Сабағының биіктігі мен қалыңдығы орташа, іші қуыс. Тік өседі.

Сорт орта мерзімде піседі, иілімді, ылғалдандыруды жақсы қабылдайды, құрғақшылыққа төзімді, оңайлықпен құлап-жапырыла бермейді, тозаңды қаракүйеге қарсы төтеп береді, қатты қаракүйемен сирек зақымданады.

Сорт жоғары өнім береді, байқау мақсатындағы сынақта өнімділігі 46,2 ц/га-ны құрады, бұл — Целинный 30 стандартынан 6,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш.Астана 2000 сорты 2006 жылдан бастап — Солтүстік Қазақстан облысында, 2009 бастап Ақмола облысында стандарт. Төгіліп-шашыла бермейді, мал азығындық сорт болып есептеледі. Өсіріп-баптау агротехникасы қарапайым — нақты топырақтық-климаттық аймақта орта мерзімде пісетін сорттарға ұсынылатын кеңестер пайдаланылады. 2005 жылдан бастап Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында өсіруге рұқсат берілген.
скачать dle 12.0
2 092 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх