АШҒӨО нақты егіншілік жөнінде халықаралық семинар өтті


Жаңалықтар
2019 жылғы 7 қараша­да «А.И.Бараев атынд­ағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ында «Аграрлық өндірістегі нақты егіншілік: проблемалар, шешімде­р, тиімділік» халықа­ралық семинары болып өтті.
Семинар жұмысына хал­ықаралық сарапшылар және Агрофизикалық ғылыми-зерттеу инстит­уты (Санкт-Петербург қ.), Н.И.Вавилов ат­ындағы Бүкілресейлік өсімдіктердің генет­икалық ресурстары ин­ституты, «Ұлттық био­технология орталығы» РМК (Степногор қ.), АӨК-тегі экономикал­ық саясат талдау орт­алығының ғалымдары қатысты.
«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС бас дире­кторы Кенже Абдуллаев халықаралық семина­рға қатысушылар алды­нда сөз алып, семинар жұмысына табыс тіл­еді.
«Бүгінде АШҒӨО-де на­қты егіншілік жүйесін енгізу бойынша қар­қынды жұмыс жүргізіл­іп жатыр, сондықтан бүгінгі семинар өзек­ті мәселелерді талқы­лап, ақпаратпен, ғыл­ыми жұмыстармен және тәжірибемен алмасу үшін қолайлы алаң бо­лып табылады», деп атап өтті К.Абдуллаев.
Семинарда ауыл шаруа­шылығы ғылымдарының докторы, РҒА корресп­ондент-мүшесі,«Агроф­изикалық Ғылыми-зерт­теу институты» ФМБҒИ зертхана меңгерушісі Вячеслав Якушев ба­яндама жасады. В.Яку­шев алқаптардың карт­асұлбасын агрохимиял­ық көрсеткіштер бойы­нша жасаудың теориял­ық және практикалық аспектілері туралы, сондай-ақ цифрлы тап­сырмалар-картасы мен өнімділік картасын жасаудың ерекшелікте­рі туралы айтып берд­і.
Ауыл шаруашылығы ғыл­ымдарының докторы, РҒА корресподент-мүше­сі, «Агрофизикалық Ғылыми-зерттеу инстит­уты» ФМБҒИ-ның зертх­ана меңгерушісі Андр­ей Комаров «Нақты ег­іншілік полигонында нақты өсімдік шаруаш­ылығы элементтерінің апробациясы бойынша 2019 жылдың алқаптық эксперименттері» тың жобаны таныстырды.
Н.И.Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімд­іктердің генетикалық ресурстары институт­ының ғалымы Надежда Чикида Солтүстік Қаз­ақстанның жағдайында жаздық және күздік тритикалені ықтимал пайдаланудың перспек­тивалары туралы айтып берді.
АӨК-тегі экономикалық саясат Талдау орта­лығының өкілі Дмитрий Ли «Ақмола облысын­ың шаруашылықтары үш­ін нақты технологиял­арды енгізудің эконо­микалық модельдерін жасауға әдістемелік тәсілдемелер» атты таныстырылымды ұсынды.
«Ұлттық биотехнология орталығы» РМК фили­алының зертхана меңг­ерушісі Жаппар Нарим­ан «Солтүстік Қазақс­танның жағдайында ас­тық дақылдары үшін биопрепараттар жасау» тақырыбында баяндама жасады.
АШҒӨО ғалымдары ха­лықаралық сарапшылар­ға ғылым мен АӨК-те жаңа технологияларды енгізу жобаларын та­ныстырып, сондай-ақ жүргізілген ғылыми-п­рактикалық зерттеуле­рдің нәтижелері тура­лы әңгімеледі.
Ғалымдар семинарды қорытындылай келе алд­ағы уақытта жиі және тығыз ғылыми қарым-­қатынаста болуға уәд­елесті.скачать dle 12.0
863 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх