Ганноверде "А.И.Бараев атындағы АШҒӨО"ЖШС мен "Евразия Групп Казахстан" арасында меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар

Келіссөздер барысында К.Абдуллаев John Deere селекцияға арналған соңғы буындағы шағын тракторының сипаттамасымен танысты. Селекцияға арналған шағын трактор цифрлы технологиямен жабдықталған.
«А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС бас директоры «Евразия Групп Казахстан» ЖШС-мен «ақылды суару» жүйесі бойынша АШҒӨО-ның суландырылатын тәжірибелік алқаптары үшін қажетті қондырғылар жөнінде ынтымақтастық жөнінде уағдаласып, компанияның директоры Сергей Глоккемен меморандумға қол қойды.
Қол қойылған меморандумға сәйкес А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-ға ақылды суару жүйесін іске асыру үшін қажетті соңғы буын қондырғылар бойынша ынтымақтастық қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, АШҒӨО 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ақылды полигон құру бағытында жұмыс атқарып жатыр. Елімізде суармалы алқаптар көлемін аттыру көзделгендіктен, инновациялық техниканы пайдалана отырып суландырудың жаңа жүйесі талап етіледі және АШҒӨО осы бағытта жұмыс жүргізуде.
К.Абдуллаев келіссөздер барысында Халықаралық компаниялар жоғарыөнімділікті John Deere 9620 RX тракторы, John Deere астық оратын комбайны, John Deere 9900 жемазық оратын комбайны, John Deere 9620 селекцияға арналған шағын тракторы секілді цифрлы жүйемен жабдықталған заманауи техника үлгілерін таныстырды.
1 143 -рет қаралды