Новосибирск қаласындағы тағылымдама
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығының ғылыми қызметкерлерінің Ресей Федерациясының Новосибирск қаласындағы «Ресей Ғылым академиясының Сібір федералдық агробиотехнологиялар ғылыми орталығындағы» (РҒА СФНЦА) тағылымдамасы жалғасып жатыр.
"Егіншілік" бағыты бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан ғалымдар Сібір егіншілік және ауыл шаруашылығын химияландыру ғылыми-зерттеу институты (СібЕжАШХҒЗИ) базасында география ғылымдарының кандидаты В. А. Поньконың басшылығымен жердің өнімділігінің агроклиматтық бағалауымен және болжамымен танысуда. Сондай-ақ, қазақстандық ғалымдар үшін а.ш. ғ. д., профессор Слесарев Владимир Николаевич «Топырақты терең әрі ұсақ өңдеуді азайту» тақырыбында сабақ өткізді.
Сонымен қатар ғалымдар биология ғылымдарының докторы Владимир Николаевич Шоба «Топырақтың тепе-тең жағдайын физика-химиялық моделдеу» тақырыбындағы дәрісіне қатысты.
Селекция бағыты бойынша тағылымдамадан өтуші ғалымдар оқуды СібӨСҒЗИ және мал азығының СибҒЗИ базасында өтеді. «Көпжылдық шөптердің селекциясы» тақырыбы бойынша сабақты ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Р. И. Полюдина өткізді.
Экономика бағыты бойынша қызметкерлер ауыл шаруашылығы экономика ғылыми-зерттеу институтының базасында тағылымдамадан өтеді. Олар Першукевич Игорь Петровичтің басшылығымен АӨК инновациялық қамтамасыз ету зертханасының қызметімен танысты. Сондай-ақ АӨК аймақтық экономикаларын болжау және дамыту зертханасына барып, жетекшісі Быков Александр Александрович сұхбаттасты. Сондай-ақ АӨК басқару, кооперация және интеграциялау зертханасының меңгерушісі Деревянкин Александр Вячеславовичпен кездесу өткізді.
854 -рет қаралды