АШҒӨО қызметкерлері ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың ғылыми қызметкерлері Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында «Ресей Ғылым академиясының Сібір федералдық агробиотехнологиялар ғылыми орталығында» (РҒА СФНЦА) ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Тағылымдама келесі бағыттар бойынша жүреді: «Селекция», «Егіншілік», «Агрохимия», «Экономика», «Өсімдіктерді қорғау» және «Генофонд».

Егін шаруашылығы бағыты бойынша тағылымдамадан Сасықов Ардақ Еркенұлы және Әуесханов Дәурен Әуесханұлы өтеді. Іс-шара аясында СибФТИ базасында институт директоры Альт Виктор Валентиновичпен кездесу өтті. Сабақты ұтымды егіншілік зертханасының бас ғылыми қызметкері, РФ ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Семендяева Нина Вячеславовна «Батыс Сібірдің және Солтүстік Қазақстанның сортаңдарын мелиорациялау және ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану» тақырыбы бойынша өткізеді.
Агрохимия бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан ғылыми қызметкер Мамыкин Евгений Владимирович, өсімдіктерді қорғау бағыты бойынша - Черный Андрей Анатольевич, Давыдова Вера Николаевна, Харитонова Алена Сергеевна, Нелис Татьяна Борисовна, Келлер Сабина Николаевна өтеді.

Егіншілік, агрохимия, өсімдіктерді қорғау бағыты бойынша ғылыми тағылымдама жоспарына сәйкес «Агротехнологияларды экотоксикологиялық бағалау» тақырыбы бойынша биология ғылымдарының докторы, топырақ құнарлылығы зертханасының бас ғылыми қызметкері Данилова Альбина Афанасьевна дәріс оқыды.

Селекция бағыты бойынша СібӨШС ҒЗИ базасында тағылымдамадан келесі ғылыми қызметкерлер өтеді: Ошергина Ирина Петровна, Тен Евгений Алексеевич, Жылқыбаев Руслан Сагынаевич, Жигула Татьяна Юрьевна. Қазақстандық ғалымдар СібӨШС ҒЗИ директоры Лихенко Иван Евгеньевич, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы және директордың ғылым жөніндегі орынбасары Артемова Галина Васильевна кездесті. Галина Васильевна дәнді дақылдарды селекциялау бойынша сабақтар өткізді. Жаздық жұмсақ бидай селекциясы бойынша сабақты ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы И. Е. Лихенко өткізді.

Экономика бағыты бойынша АШҒӨО қызметкерлері Бекешев Бауыржан Жауғашұлы және Манат Бердияр Жүрсіханұлы Ауыл шаруашылығы экономика институтының базасында тағылымдамадан өтеді. СібҒЗИ директоры Першукевич Петр Михайлович және кафедра бөлімшелерінің экономика ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен болған кездесу барысында А. И. Бараев атындағы АШҒӨО қызметкерлері тағылымдама өткізудің мақсаты мен жоспарын егжей-тегжейлі талқылады. Тағылымдама барысында РҒА академигі, РҒА Президиум мүшесі, РҒА Сібір бөлімшесі төрағасының орынбасары Николай Иванович Кашеваровпен кездесу өтті.
скачать dle 12.0
983 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх