2020 жылға арналған жаздық бидайдың негізгі ауруларының даму болжамы
Жаңалықтар
Күзгі-қысқы кезеңде қар түрінде жиналған ылғалдың едәуір болуы мен 2019-2020 жж. қыстың салыстырмалы түрде қалыпты температуралық режимі жұқпалы бастаудың топырақта және өсу қалдықтарында сақталуына ықпал етті. 2020 жылғы көктемде аурулардың таралуына ықпал ететін жұқпалы бастаудың саны айтарлықтай болады. Сондықтан көктемде және жаздың басында жапырақ-сабақты дақтардың қалыпты дамуын болжауға болады.
Қоздырғыштары негізінен өсімдік қалдықтарында сақталмайтын тат ауруларының дамуы жазғы айдың ауа райына байланысты болады. Себебі, тат аурулары негізінен Батыс Қазақстан мен Сібірден ауа арақылы келеді.
Тұқымдарды дәрілеу кезінде фунгицидтерді жүйелі пайдалану дәнді дақылдар басының шаң басу және қатаюы сияқты аурулармен табысты күресуге мүмкіндік береді.
Бабкенова С. А.
1 084 -рет қаралды