Егінді армашөппен ластанудан сақтау


Жаңалықтар


Биыл дақылдардың барлығында әртүрлі зиянды арамшөптермен ластану байқалады. Олардың арасында келесілер бар: жұмыршақ, егістік шырмауық, қалуен және басқалар. Өндірістік жағдайда үлкен аумақтарда арамшөптермен күресу әр түрлі бүріккіштер көмегімен және пар учаскелерінде өсімдіктерді механикалық кесу жолымен жүргізіледі.

Шағын тәжірибе мөлдектер және мөлдек ауданы 0,25-1,5-2,5 м2 болатын будандарды қолмен егу жағдайында қолмен жұмыс істеу керек, бұл өте ұзақ және ауыр процесс. Будан дәндері, әдетте өте кішкентай болады, 1000 дәннің массасы жеңіл және тұқымдары қораш келеді. Мұндай тәжірибелерде гербицидтер мен улы химикаттарды қолдану шектелген.

Метеорологиялық бақылауларға сәйкес мамыр айында небәрі 1,0 мм жауын-шашын түскен. Екі аптадан астам уақыт бойы күндізгі температура +30 градустан жоғары болып ыстық әрі құрғақ ауа-райы орнаған.

Қатты топырақ пен атмосфералық құрғақшылық жағдайында мәдени өсімдіктер күйзеліске ұшырауда, әлсіз өсіп, әртүрлі зиянкестерден қатты зиян шегіп, арамшөптермен нашар бәсекелесуде. Қазіргі кезде дала зертханаларының қызметкерлері мен зертханашылардың негізгі міндеті - әртүрлі дақылдар егісін қолайсыз жағдайлардың әсерінен сақтау.скачать dle 12.0
1 020 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх