Астықты ауыспалы егісте күздік қара бидай мен күздік бидайды себу және өсіру ерекшелектері
Жаңалықтар
Тамыз айының соңында А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығындағы ауыспалы егістерді зерттейтін көп жылдық далалық стационарында күздік қара бидай мен күздік бидай дақылдары аңыздық танапта Amazone компаниясының ДМС сеялкасымен тікелей себілді (сурет -1).
Сурет-1 Күздік дақылдарды аңыздық танаптарға тікелей себу
Аңыздық танаптар күздік дақылдарға жақсы алғы дақыл болып табылады. Таза сүрі жерге танабының орнына аңыздық танапта көктемде бір жылдық дақылдар себіліп өсіріледі. Тамыз айының бірінші он күндігінде бір жылдық дақылдар (шөптер) гүлдену фазасында жасыл балаусаға шабылады. Шабылғаннан соң 4-5 күннен кейін кепкесін пішенге жиналып алынады. Пішенді жинап болғаннан кейін аңыздық танаптағы армшөптерге құрамында глифосат бар гербицидпен (Фараон Голд) әр гектарына 1,5 литр мөлшерінде бүркіледі. Осылай гербицидпен бүрку арқылы аңыздық танапта ылғал қоры сақталып және арамшөптер жойылады. Себілген күздік дақылдар танаптарындағы топырақтың беткі жоғарғы қабаты толығымен біржылдық дақылдардың сабақтары мен қалдықтары арқылы жабылып, нәтижесінде егістік танаптар су және жел эрозиясы қорғалады.
Астықты ауыспалы егісте күздік дақылдарды осылай сеуіп өсіру арқылы егіс алқаптары тиімді пайдаланылады, мал шаруашылығы үшін қосымша пішен өнімі алынады және топырақ қабаты эрозияға ұшырамайды. Осы аталаған жұмыстар бәрі бір жылдың ішінде атқарылады, екінші жылы күздік дақылдардан өнім алынады.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауыспалы егісте күздік дақылдарды өсірудің басқа да бірнеше баламалы варианттары бар. Ол келесі мақалада айтылады.
Ғылыми материалды дайындаған ауыспалы егіс тобының жетекші ғылыми қызметкері Қияс Алдаберген Алдаоңғарұлы
1 506 -рет қаралды