АШҒӨО-ның жаздық қатты бидайдың перспективалы сорттары


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы АШҒӨО алқаптарында жаздық қатты бидай уақытылы жиналды. Қазіргі кезде меңгеруші Р. С. Жылқыбаев бастаған интенсивті түрдегі жаздық қатты бидайды іріктеу зертханасының қызметкерлері келесі жылдың егіні үшін тұқымдық материалдарды іріктеу жұмыстарын жалғастыруда.

Жалпы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, биылғы егін науқанының нәтижесі өткен жылмен салыстырғанда жақсы, себебі «Лавина» сортының өнімділігі 30%, «Корона» сорты - 24%, «Дамсинская Юбилейная» сорты - 17%-ды құрады. Олардың барлығы дала экологиялық типіне жатады, сипаттамаларына сәйкес олар топырақ пен ауа құрғақшылығына төзімді, дән желімшесінің тұрақты сапасымен ерекшеленеді, сондықтан олар Қазақстанның солтүстік аймақтарында өсіруге перспективалы болып танылады.

Сорт сынағынан өтіп жатқан қатты бидайдың жаңа сорттары да өзінің сапалық сипаттамаларын растады.
скачать dle 12.0
796 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх