Т.С. Мальцев атындағы Қорған мемлекеттік ауылшаруашылық академиясындағы конференция


Жаңалықтар


5 қарашада Қорған мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының базасында Терентий Семенович Мальцевтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялаудың заманауи жоғары технологиялық технологияларын әзірлеу және енгізу» халықаралық онлайн-конференциясы өтті.

Конференцияға 6 елдің ғалымдары қатысты, Қазақстан Республикасының атынан Ұлттық ауылшаруашылық ғылыми-білім беру орталығының 4 еншілес ұйымдарының, соның ішінде А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары қатысты.

Конференцияда "Солтүстік Қазақстанда нақты егіншілік технологиясын енгізудің практикалық тәжірибесі" тақырыбында басқарма төрағасының м.а., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ирмулатов Бахыт Рахимбаевич баяндама жасады.

Конференция жұмысы барысында Т.С. Мальцевтің ғылыми мұрасын дамыту негізінде агротехнологияларды жетілдіруге, топырақты өңдеуді азайтуға, нақты егіншілік технологияларына, жемшөп өндірісі мен селекцияға қатысты егіншіліктің өзекті мәселелері қаралды.скачать dle 12.0
652 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх