АШҒӨО қызметкерлер сенбілікке қатысты
Жаңалықтар
Айналаны абаттандыру – бұл бір жолғы науқан емес, жоспарға сәйкес оны тұрақты негізде өткізу белгіленген. Сонымен қатар, көктемнің жылы күндерінің басталуымен барлығы өз аумақтарын тазартуға асығуда.
Научный кентінде ірі қала құраушы кәсіпорындардың бірі-Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы орналасқан. Академик, ҚазАШҒЗИ-нің бірінші директоры Бараев Александр Ивановичтин құрметіне аталған біздің кенттің бас көшесі мен іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды алғашқылардың бірі болып ұйымдастырған .
Барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері экологиялық тәртіпті жақсартуға және орталықты абаттандыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес сеніп тапсырылған аумақтарда тазалық жүргізуге лайықты үлес қосу үшін "Бірге-таза Қазақстан" жалпы республикалық сенбілігіне толық құраммен шықты. Өндірістік қызмет қоқысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды және қарды шығару үшін қолда бар техниканы жинақтап шығарды. Жұмыс барысында құрғақ бұтақтарды кесілген және бордюрлерд әктелген. Белгіленген жұмыс көлемін орталық токтың қойма үй-жайларының аумағындағы ток жұмысшылары, гараж аумақтарындағы механизаторлар мен жүргізушілер де орындады. Атқарылған жұмыстар мен жалпы еңбек ынта-жігерінен сенбілікке қатысушылардың барлығы жағымды эмоцияларға ие болды.
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО баспасөз қызметі
674 -рет қаралды