Егіс науқаны қарқынды және жауапты кезең- көктемгі егіс жұмыстарының қызған шағына кірісті
Жаңалықтар
Егіс науқаны қарқынды және жауапты маусымына аяқ басты, бұл - көктемгі егіс жұмыстарының қызған шағы. Бұған дейін егістіктерде ылғалдың жабылуы, егін себер алдында жер өңдеу, топырақ бетіне дифференциалды тыңайтқыштар енгізу, өндірістік тәжірибелерді бұзу, қырманда тұқымдарды дәрілеу жұмыстары жасалған болатын.
Ендігі кезеңде ғалымдар селекциялық тұқымбақтарда және көбею тұқымбақтарында селекциялық жұмыстардың барлық ерекшеліктерін ескере отыра егуге кірісті. Өз кезегіндеегістік бригадирі инженерлік қызметпен бірге механизаторларға көмек көрсетіп,техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізуде, өндірістік процесс барысында агрономиялық қызметтің сұраныстарына сәйкес егіс танаптарына агрегаттар мен тракторларды таратуда.
Барлығын тұқыммен, тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен және химиялық заттармен қамтамасыз ету - маңызды міндеттердің бірі. Агрономдар технологиялық операциялардың уақтылы орындалуын қатаң бақылауда (егу мерзімдері, себу нормалары, себу тереңдігі, сорттары, ауыспалы егіс алқаптарындағы дақылдар түрлері, дәнді дақылдардың түрлері мен сорттары бойынша арамшөптердің алдын алу үшін тұқым сепкіштерді тазарту). Осы жұмыс түрлерінің бәрі Орталықтың тұтастай командасының жедел үйлестірілген жұмысын талап етеді. Сол себепті , Басқарма төрағасы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлы көктемгі егіс жұмыстарына қатысатын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен әрдайым кездесу барысында түпкілікті нәтижеге деген қызығушылық пен жүргізілген жұмыс үшін жауапкершілік туралы конструктивті диалог жүргізеді. Әлбетте, АШҒӨО табысты жетістігі - әр қызметкердің жетістігі!!!
772 -рет қаралды