Ауылшаруашылық дақылдарына фитосанитарлық мониторинг


Жаңалықтар

А.И Бараев АШҒӨО өсімдіктерді қорғау зертханасының ғылыми қызметкерлері Давыдова В. Н., Нелис Т. Б., Харитонова А. және С.Сейфуллин ҚАТУ магистранттары А. К. Тулееваның басшылығымен, өткен аптада өндірістік алқаптардағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігінде зиянкестер мен аурулардың болуына фитосанитарлық тұғыдан мониторинг жүргізілді.
Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша жаздық жұмсақ бидайдың жапырақ бетіне жолақты бүргеден зақым келтірілуі: Астана 2, Шортандинская 2012, Тәуелсіздік 20 - 5% дейін; Астана - 20-25%; Дамсинская янтарная қатты бидайына зақым келген жоқ.
Қарақұмық дақылдарында жапырақ бетіне түйнектік бізтұмсық қоңызбен зақымдануы 3-тен 6% -ке дейін және 1% шыртылдақ қоңызбен зақымдану анықталды. Зығыр мен арпа дақылдарында зиянкестер табылған жоқ.
Энтомологиялық тормен шабу арқылы ауылшаруашылық дақылдары алқаптарында бірнеше рет жүргізілген мониторинг барысында анықталды: Астана, Ақмола 2, Жақсартылған Шортандинская 95 жаздық бидайда - жолақ нан бүргесінің, нан қандаласы, жегі, трипс, сабақ бүргесінің зиянкестері; зығырда - бит, зығыр трипсі, бірақ дақылдарға келтірілген зиян зияндылықтың экономикалық шегінен аспады.
Сондай-ақ, ауруларға жүргізілген фитосанитарлық мониторинг барысында жаздық жұмсақ бидайдың сорттары бойынша: Шортандинская 2012; Астана; Жақсартылған Шортандинская 95; Астана 2 - ешқандай ауру анықталған жоқ. Жасымық дақылдарында Грин Лэнд сорты және майлы зығыр сорттарында визуалды тексеру кезінде ешқандай ауру табылған жоқ.
скачать dle 12.0
838 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх