Бараев ат. АШҒӨО-ның ғылыми қызметкерлері Біржан сал ауданының фермерлеріне нақты егіншіліктің ғылыми-практикалық зерттеулерлерінің нәтижелерін ұсынды


Жаңалықтар






Біржан сал ауданында аудан әкімінің орынбасары Шаймерденов Карыбай Дәулетханұлының төрағалығымен А.И. Бараев ат. АШҒӨО-ның  ғылыми қызметкерлері Ноғаев Әділбек, Қияс Адалберген, Наздрачев Яков, Утельбаев Ерлан, Бабкенов Адылханның қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Ғалымдар фермерлерге нақты егіншілік, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде нақты егіншілік элементтерін кезең-кезеңімен енгізу бойынша ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Семинар-кеңес барысында Адалберген Қияс топырақтың құнарлылығын сақтау үшін ұрық алмастырушы ауыспалы егістерді пайдалану, дәнді сүрі жерлі ауыспалы егістерде минималды буды дайындау ерекшеліктері, сүрі жерді өңдеудің әр түрлі әдістерінің экономикалық тиімділігі туралы сұрақтарға толық жауап берді. Сондай-ақ өсімдіктерді қорғау мәселелері - заманауи дәрі-дәрмектерді өтеу және резервуар қоспаларын дайындау мәселелері талқыланды. Яков Наздрачев минералды тыңайтқыштарды еңгізудің әдістері мен мөлшері туралы ұсыныстар беріп, қолданылатын тыңайтқыштардың түрлері туралы сұрақтарға жауап берді. Адылхан Бабкенов жаздық жұмсақ бидайдың перспективті түрлері туралы айтты.
Семинарда фермерлер ғалымдармен ынтымақтастыққа, диалогты жалғастыруға және ұсыныстарды тәжірибеде қолдануға қызығушылық танытты.
скачать dle 12.0
432 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх