А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да нақты егіншілікті енгізу
Жаңалықтар
2018-2020 жылдар аралығында А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру шеңберінде нақты егіншіліктің үш республикалық демонстрациялық полигондарының бірі құрылды. Нақты егіншіліктің демонстрациялық алаңы (полигон) А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының құрылымдық бөлімшесі және нақты егіншілік элементтері мен АӨК цифрландыру ережелерін пайдаланумен қоса, іргелі және қолданбалы зерттеулерді, сынақтарды, алғашқы апробациялар өткізуге, ауылшаруашылық технологиялары мен техникаларын меңгеруге, әзірлеуге арналған шаруашылықтық, инновациялық, демонстрациялық, оқу, өндірістік алаң (полигон) болып табылады.
Нақты егіншілік полигонында өндірістік тексеру және нақты егіншілік жүйесінің келесі негізгі технологиялық элементтерін бағалау жүргізіледі:
- нақты егіншілік жағдайына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын агрохимиялық зерттеу;
- механиктің қатысуымен қолмен параллель жүргізу жүйелері;
- автоматты параллель жүргізу жүйелері;
- тыңайтқыштарды дифференциалды енгізу жүйелері;
- пестицидтерді дифференциалды қолдану жүйелері;
- ауылшаруашылық техникасын қашықтықтан бақылау жүйелері (жанармай шығыны датчиктері, GPS трекерлері)
- өнімділікті бақылау жүйелері (кірістілік картасын қалыптастыру)
- егістерді бақылау жүйелері - авиация (пилотсыз ұшу аппараттары, дрондар), спутниктік (егістіктердің мультиспектралды суреттері):
- ауылшаруашылық өндірісіне арналған ақпараттық-сараптамалық жүйелер.
Қазіргі уақытта А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында нақты егіншілік элементтерін Солтүстік Қазақстандағы өсімдік шаруашылығы жағдайына көшіру және бейімдеу жұмыстары жалғасуда.
2021-2023 жылдарға арналған Smart Agricultureмамандандырылған ғылыми бағыты бойынша бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың мақұлданған жобасы шеңберінде осы тақырып бойынша зерттеулерді одан әрі тереңдету және кеңейту жоспарлануда.
Бұл жобаның мақсаты - республикада «ақылды ауыл шаруашылығы»тұжырымдамасын өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің жоғары технологиялық түрлеріне, оның ішінде жаңа техникалық шешімдер негізінде шоғырландыруды жүзеге асыруды жандандыру. Осы жоба шеңберінде технологиялық элементтерді цифрландыруы және дифференциациясы, өндірістік процесті басқару әдістері мен ақпараттық технология құралдарын Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар жағдайында пайдалану негізінде нақты егіншілік жүйесін жетілдіру бойынша міндеттер шешіледі. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде нақты егіншілік жүйесін жетілдірудің негізі ретінде интеграцияланған анықтамалық-ақпараттық жүйелерді қолдану тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
А.И. Бараева атындағы АШҒӨО-ның
нақты егіншілік зертханасының меңгерушісі
Скобликов В.Ф.

685 -рет қаралды