А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-дағы нақты егіншілік полигоны


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да үшінші жыл қатарынан ауданы 3000 га болатын нақты егіншілік полигоны жұмыс істеп келеді. Онда ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін заманауи сандық технологиялар қолданылады.

Егістердің электрондық карталары жасалды, топырақтағы қоректік заттар құрамының картасы және өнімділік картасы да жасалды. Технологиялық операциялардың орындалу барысына және жанар-жағармай шығынын қадағалау бойынша жүйелі мониторинг жүргізіледі.

Операциялардың орындалу барысын бақылауды Жобаны басқару орталығынан нақты егіншілік бөлімінің ғылыми қызметкерлері А. Сасықов пен Ж. Тасболатов жүзеге асырады.скачать dle 12.0
594 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх